Рунет выбирает
77
79
75
76
80

Анна Данилина Сиднейдегі турнирдің жартылай финалына шықты

Читать полностью

13 қаңтарда Сиднейдегі халықаралық турнирде өнер көрсеткен қазақстандық теннисші Анна Данилина жұптық сындағы кездесуде жеңіске жетті.

Анна Сиднейде бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен жұп құрды.

Таңертең Данилина мен оның серіктесі Домбровски (Канада)/Ольмос (Мексика) жұбын 6:4, 6:2 есебімен ұтып, сенсация жасады. Одан кейін ойын күнінің соңында қазақстандық-бразилиялық жұп үш сетке созылған тартысты жекпе-жекте ресейліктер Александрова мен Дзаламидзеден басым түсті – 5:7, 7:5, 10:8.

Енді 14 қаңтарда Данилина-Майя дуэті турнирдің финалына жолдама алу үшін Жапония өкілдері – Аояма және Шибахарамен кездеседі.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+