Қазақстандық теннисші Анна Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге Сиднейдегі WTA турнирінің жұптық кезеңінде ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz тілшісі.
Бразилиялық теннисшімен дуэт құрған Данилина 1/8 финалда Габриэла Дабровски мен Джулиана Олмосты 6:4, 6:2 есебімен жеңді.
Матч 1 сағат 5 минутқа созылды. Данилина мен Майя жұбы 1 рет қос қателікке ұрынып, алты брейктің бесеуін жүзеге асырды.
Ширек финалда қазақстандық пен бразилиялық теннисшілер ресейлік Александрова/Дзаламидземен кездеседі.