Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Доха WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады.
Жалпы жүлде қоры 2,6 млн АҚШ долларынан асатын жарыстың 8-ракеткалары болып тіркелген Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге алғашқы айналымда ұлыбританиялық Саманта Маррей – нидерландылық Бибиана Схоофспен кездесті.
Қазақстандық-бразилиялық жұп 6:0, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында Беатрис пен Анна 2 эйс жасап, 6 брейк-пойнтты түгел пайдаланды. Қарсыластары 2 эйс, 2 брейктен (6 брейк-пойнт) аса алған жоқ.
Қазақстандық-бразилиялық жұптың екінші айналымдағы қарсыластары кейін анықталады.