Қазақстандық теннисші Андрей Голубев хорватиялық Франко Скугормен бірге Сиднейдегі АТР турнирінің жұптық сынында ширек финалға шыға алмады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz тілшісі.
Голубев пен Скугор жұбы 1/8 финалда аустралиялық дуэт Алексей Попырин мен Мэтт Ридтен 3:6, 1:6 есебімен жеңіліп қалды.
Голубев пен Скугор ойын барысында бірде-бір эйс жасай алмады және бір мәрте қос қателікке жол берді, үш брейктің біреуін ғана жүзеге асырды. Матч 54 минутқа созылды.