Рунет выбирает
77
79
75
76
80

Александр Бублик әлемдегі үздік 30 теннисшінің қатарына кірді

Читать полностью

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингіні жария етті.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемдегі үздік отыз теннисшінің қатарына кірді.

Ол 31-ден 30-орынға көтеріліп, өзінің рекордтық көрсеткішіне қол жеткізді.

Михаил Кукушкин 168-ден 166-ға, Дмитрий Попко 180-нен 178-ге жоғарылады.

Рейтинг көшін бұрынғыша сербиялық Новак Джокович бастаса, ресейлік Даниил Медведев екінші, германиялық Александр Зверев үшінші орында келеді.

Жұптық сында Андрей Голубев 31-ден 34-ке, А.Бублик 67-ден 72-ге сырғыса, Александр Недовесов 68-ден 63-ке шықты.

Қазақстандық теннисшілер осы аптадағы жарыстарда табысты өнер көрсетсе, рейтингтегі көрсеткіштерін жақсарта алады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+