«Ақжайық» 29 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы Артур Газдановпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады. Ойыншы оралдық клубқа еркін агент ретінде ауысты.
Артур Газданов - мәскеулік ЦСКА-ның түлегі. Ресейде «Алания», «Волгарь», «КАМАЗ», «Авангард», «Тюмень» командаларында ойнаған. Жартылай қорғаушының соңғы клубы «Акрон» болды.
Жалпы, жартылай қорғаушы мансабында 183 матч өткізіп, 24 гол соқты, 11 нәтижелі пас берді.