«Ақжайық» футбол клубының директоры Азамат Шайхы Оралға жаңа стадион салу мен ескісінің атауын өзгертіп, күрделі жөндеу жүргізуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Meta-ratings.kz .
Азамат Шайхы жанкүйердің «Бізге де жаңа стадион керек немесе П. Атоян атындағы алаңға күрделі жөндеу жүргізіп, атауын «Akzhaiyk Arena» деп өзгертсе, тамаша болар еді», деген пікіріне: «Бұйыртса, оған да жетеміз. Уақыт керек», деп жауап қатты.
Бұл әңгіме Ақтауда 15 000 жанкүйер сыятын жаңа стадион салынады деген жаңалыққа қатысты шыққанын да айта кеткен жөн.