Оралдық «Ақжайық» футбол клубы бразилиялық ойыншы Рафаэль Сабиньо дос Сантоспен толықты, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.
Transfermarkt дерегі бойынша, 25 жасар жартылай қорғаушы мен оралдық клуб 2022 жылдың соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қойған.
Сабиньо соңғы төрт маусымды украиналық «Львов» сапында өткізіп, 67 ойында екі мәрте мергендігімен көзге түсіп, екі нәтижелі пас берді.