«Ақтөбе» футбол клубы 26 жасар хорватиялық жартылай қорғаушы Мате Црнчевичті оралдық команда сапына жалға ауысты.
Бапкерлік штабтың шешімі бойынша Црнчевич «Ақжайық» құрамында маусым соңына дейін өнер көрсетеді.
«Мате — өте жақсы ойыншы. Ол біздің командаға тек стиль жағынан сәйкес келмеді десек болады. Біз онымен сөйлесе келе, басқа клубқа ауысқаны дұрысырақ деген шешімге келдік», - деді бас бапкер Владимир Муханов.