«Ақтөбенің» экс-бапкері Алексей Бага әзербайжандық «Сумгаит» клубының бас бапкері атанды, деп хабарлайды команданың ресми сайты.
Қос тарап 2,5 жылдық келісімшартқа қойды.
Естеріңізге сала кетсек, Бага 2020 жылдың соңында «Ақтөбені» тізгіндеп, бар-жоғы тоғыз тур ғана ақтөбелік клубтың бапкері болды. Сол тоғыз турда тек екі жеңіске қол жеткізіп, қызметінен босатылған еді.
«Сумгаит» Әзербайжан чемпионатының 14 турынан кейін жетінші орында келеді.