Рунет выбирает
77
79
75
76
80

«Ақтөбенің» қаралымына төрт бірдей ойыншы қосылды

Читать полностью

«Ақтөбенің» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына төрт бірдей ойыншы келіп қосылды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Фабио Фортес – 28 жасар португалиялық шабуылшы. Мансабының басым көпшілігін өз елінде өткізген. «Виктория Гимарайнш», «Арока» және «Пенафиель» сырды клубтарда өнер көрсеткен. Румыниялық «Германштад» клубымен 2022 жылдың маусымына дейін жарамды келісімшарты бар. Ағымдағы маусымда румыниялық клуб сапында 13 ойынға қатысып, бір гол соққан.

Максим Казанков – 33 жасар түрікменстандық жартылай қорғаушы. «Ашхабад», «Олимп», «СКА-Хабаровск» және ташкенттік «Локоматив» сынды клубтарда доп тепкен. Соңғы клубы ресейлік «Томьда» капитан болған екен. Ағымдағы маусымда 19 ойынға шығып, үш нәтижелі пас берген. Жалпы Ресейдің екінші лигасында 134 ойында 25 мәрте қақпа торын тулатып, 13 рет голдық пас берген.

Секу Конде – жасар Гвинея ұлттық құрамасының қорғаушысы. Укра налық «Днепр», «Олимпик» және тағы да басқа клубтарда ойнаған. Соңғы екі маусымды франциялық «Шатору» клубында өткізген. 2015 жылдан бері Гвинея құрамасында 16 ойын өткізіп, бір голымен көзге түсіпті.

Армен Манучарян – 26 жасар Армения ұлттық құрамасының қорғаушысы. «Бананц» клубының түлегі. Одан бөлек армениялық «Пюникте» доп тепкен. Соңғы клубы ресейлік «Ротор» сапында жеті ойынға қатысқан. Жақын күндері клубпен екіжақты келісім бойынша келісімшартты бұзған еді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+