Рунет выбирает
77
79
75
76
80

«Ақтөбеге» алғашқы легионер келді

Читать полностью

Беларусия Чемпионатының ең пайдалы легионерлерінің бірі Боян Дубайич «ақ-қызылдармен» еңбек келісім-шартына қол қойды.

Боян Дубайич «Ақтөбенің» бас бапкеріне жақсы таныс, белорустың «Батэсын» Алексей Бага жаттықтырған кездерде дәл осы Дубайич команда көшбасшыларының біріне айналған еді.

Боян футболдық мансабын туған өлкесіндегі «Инджия» ФК-ында бастаған. Одан соң «Раднички». Артынша Швейцарияның «Лугано» және «Ле Монт» командаларының намысын қорғаған. 2017 жылы Беларусияның «Городея» командасына өтіп, ол жерде 45 ойын өткізіп 22 гол соғады. Осы нәтижелерін байқап, ел чемпиондары «Батэ» ойыншыны сатып алады.

Алексей Баганың қол астында ойнап жүргенде ішкі біріншілік пен еурокубоктарда маңызды голдарды соғып, өзінің ойын потенциалын барынша көрсетіп, ойыны жаңа деңгейге шыққан еді. Ол тек қарсыластар қақпасына голдар соғумен шектелмей, керемет голдық пастарымен командаластарына көмектесетін еді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+