Футзалдан «Ақтөбе» командасы коронавируске қарсы тесттен сәтті өтті, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
УЕФА-ның міндетті сұранысына сәйкес, маңызды ойын алдында короновирусқа қарсы тест тапсырған «Ақтөбе» шағын футбол командасының қорытындысы сәтті шығып, бірде-бір команда мүшесі жұқпалы індетті жұқтырмағаны анықталды.
Естеріңізге сала кетейік, футзалдан «Ақтөбе» клубы Алматы қаласындағы «Нұр-Аман» спорт кешенінде УЕФА чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында словениялық «Добовец» командасын қабылдайтын болады. Ойын 18 ақпан күні Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де басталады деп жоспарланған.