28 жасар жергілікті футзалшы Руслан Булатов «Ақтөбе» шағын футбол клубының қатарына қосылды, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.
Руслан Ақтөбе облысы Шалқар қаласының тумасы. Біздің ұжымға дейін Булатов ақтөбелік «Інжу» және «Рахмет» клубтарының намысын қорғаған.
Олардан бөлек шымкенттік №7 БЖСМ, «Атырау», рудныйлық «Аят» және оралдық «Бәйтерек» сапында доп тепкен. Биылғы маусымда 14 ойын өткізіп, жеті гол салған.