«Ақтөбенің» Анталиядағы оқу-жаттығу жиыны барысында молдовалық қорғаушы Владимир Гинайтиспен келісім-шарт жасалды.
26 жастағы футболшы өз елінде «Заря», «Саксан», «Унгень» және «Сфынтул Георге» сынды клубтарда ойнаған.
Қорғаушының ресейлік төлқұжаты бар және ол Olimpbet-Қазақстан чемпионатында легионер болып есептелмейді.
Үшінші жиында «Ақтөбе» футбол клубында қаралымда болған Гинайтис бірнеше бақылау матчы аясында өзін жақсы қырынан көрсетті, сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамасына қарсы легионерлер командасында да доп теуіп үлгерді.