Футболдан Қазақстан чемпионатының төртінші турында «Ақтөбе» мен «Шахтер» командалары тең ойнады.
Ақтөбеде өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды. Матчтағы есепті 78-минутта «Ақтөбенің» франциялық жартылай қорғаушысы Уго Видемон ашса, «Шахтер» қорғаушысы Тимур Досмағамбетов бес минуттан кейін таразы басын теңестірді.
Айта кетейік, 34-минутта алаң иелері пенальтиден гол соғатын мүмкіндікке ие болған еді, бірақ Жерар Гоудың тепкен тобы қақпа бағанасынан кері серпілді.
«Ақтөбе» – «Шахтер» – 1:1
Голдар: Уго Видемон 78 – Тимур Досмағамбетов 82
Сары қағаздар: Артурас Жулпа 37 – Кирилл Маляров 69
«Ақтөбе»: Саша Стаменкович (қ) – Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко (к), Артурас Жулпа, Темірлан Ерланов, Арман Кеңесов – Руслан Камболов, Йоахим Адукор – Уго Видемон, Рожерио Шина (Виталий Балашов 67), Жерар Гоу (Максим Самородов 66);
Қосалқы құрам: Стас Покатилов (қ), Евгений Ситдиков (қ) – Владимир Гинайтис, Әлішер Әжімов, Әлібек Қасым, Рустам Темірхан, Әділхан Таңжарықов, Ескендір Қыбырай – Рамазан Оразов;
«Шахтер»: Игорь Шацкий (қ) (к) – Тимур Досмағамбетов, Джордже Чосич, Владимир Хозин, Михаил Габышев, Кирилл Маляров (Павел Назаренко 84) – Роджер Каньяс (Амир Адуев 88), Стефан Букорац, Абылайхан Назымханов, Эдин Рустемович – Роман Мұртазаев (Айдос Тәттібаев 66);
Қосалқы құрам: Игорь Трофимец (қ) – Алмас Төлебай, Петрос Аветисян – Николай Ковталюк;