Қазақстандвқ «Ақтөбе» клбуының баспасөз қызметі соңғы кезде желіде желіп жүрген бас бапкердің келісімшарты мен жаттықтырушының көңілінен шықпаған ойыншылар жайлы ақпарат берді:
«Бас бапкер Түркияда келісімшартсыз жүр деген ақпараттар шындыққа жанаспайды. Алексей Бага келісімшартқа өткен жылдың қаңтарында қол қойған», – дейді бапкердің келісімі жайында.
Ал Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарынан елге оралған футболшылар туралы: «Түркиядағы жаттығудан Саят Жұмағали мен Азат Ерсалимов кетті. Сонымен қатар жергілікті тәлімалушылар Токсар Нұрғали, Диас Адырмаш және Алтынбек Нағашыбаев та елге оралды», – делінген.
Апти Ахьядов, Лаша Тотадзе және Сергей Литовченко әлі де қаралымда жүр.