Рунет выбирает
77
79
75
76
80

АҚШ Олимпиадаға қатысатын спортшылар саны жағынан көш басында тұр

Читать полностью

2022 жылғы Қысқы Олимпиадаға АҚШ-тан 223 спортшы келеді деп күтілуде. Бұл жөнінен аталған мемлекет көш бастап тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Одан кейінгі орында Ресей мен Канада бар. Ресейден - 212, Канадан - 211 спортшы жарыс жолына шығады.

Сондай-ақ, Қытайдан 171 спортшы қатысады, одан кейінгі орындардағы Швейцариядан - 168, Германиядан - 148, Жапониядан - 122, Швециядан -116, Чехиядан - 114, Италиядан - 112, Австриядан - 108, Финляндиядан - 96, Франциядан - 85, Норвегиядан - 52, Ұлыбританиядан - 50, Украинадан - 45, Австралиядан - 44, Қазақстаннан - 34, Оңтүстік Кореядан - 38, Беларусьтен 28 саңлақ ел намысын қорғайды.

Жалпы, аталған дүбірлі додаға 90-нан астам елден спортшылар келеді деп күтілуде. Олардың жалпы саны 4000-ға жуық.

Қазақстан Қысқы Олимпиадаға 1994 жылдан бастап тәуелсіз мемлекет ретінде қатысып келеді. Сол жылы Лиллехаммерде (Норвегия) 29 спортшымыз сайысқа түсті. Ал 1998 жылы Наганода (Жапония) 60, 2002 жылы Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) - 50, 2006 жылы Туринде (Италия) - 56, 2010 жылы Ванкуверде (Канада) - 39, 2014 жылы Сочиде (Ресей) - 52, 2018 Пхёнчханда (Оңтүстік Корея) - 46 спортшы дүбірлі додаға қатысты.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+