Рунет выбирает
77
79
75
76
80

1500 метрге жүгіруден Денис Никишаның жолы болмады

Читать полностью

Бейжің Олимпиадасында шорт-трекшілер додасы жалғасуда. Қазақстандық Денис Никиша 1500 метрге жарысу кезінде құлап қалып, ескерту алды. Olympic.kz сайтына сұхбат берген спортшы бар күшін алдағы бәсекеге сақтайтынын айтты.

«Әрине, жарыс кезінде мұндай жағдайлар болады. Бұл әдейі істелетін дүние емес. Қарсыласымды қуып жетіп, алдына шығуды ойлағанмын. Сол кезде өзім де құлап, қасымдағы спортшыны да »іліп" әкеттім.

Аталған қашықтық менің оң жамбасыма келе бермейді. Мен негізінен 500 метрге жарысудан жиі сынға түсемін. Қазір күшімді алдағы бәсекеге сақтаймын.

Ал Әділ Ғалиахметовпен бір топқа түскенімді көрдіңіздер. Топтағы спортшылар әлемдік рейтингке қатысты жасақталады», - деді Никиша.

Айта кетелік, Әділ Ғалиахметов 1500 метрге жарысудан жартылай финалға өтті.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Теги:
Рейтинг: 5
Реклама 21+