Рунет выбирает
77
79
75
76
80

14 жастағы қазақстандық теннисші Франциядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Читать полностью

Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы Франциядағы 14 жасқа дейінгілер арасында бірінші санатты Tennis Europe турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Заңғар финалда франциялық Тимео Труфеллимен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда корт иесі басымдылық танытты - 7:5. Дегенмен екінші сетте Заңғар ойын тізгінін өз қолына ала білді - 6:1. Үшінші, шешуші партияда да Нұрланұлы қарсыласына дес берген жоқ - 6:1. Финалға дейінгі жолда қазақстандық теннисші Аустрия, Ресей және Франция елдерінің мықты ойыншыларын қапы қалдырды.

Осылайша, Заңғар Tennis Europe сериясы бойынша өткен турнирлерде төртінші титулына қол жеткізді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Теги:
Рейтинг: 5
Реклама 21+