Петропавлдық «Қызылжар» футбол клубы бразилиялық жартылай қорғаушы Жиан Мартинсті қатарға қосты, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.
Жиан Мартинс мансабын 2013 жылы Португалиялық «Санжоаненсе» командасында бастаған. Сонымен қатар осы елде «Униан Мадейра» және «Пасуш де Феррейра» командаларында доп тепкен. Мартинс Қазақстандық жанкүйерлерге «Тараз», «Оқжетпес» және «Атырау» клубтарында көрсеткен ойынымен жақсы таныс.
Соңғы маусымды «Атырау» сапында өткізген Жиан жалпы ҚПЛ-де 74 ойынға қатысып, үш гол соғып, төрт нәтижелі пас берген.