27 жастағы футболшы Кирилл Сидоренко жаңа маусымда «Қайсардың» намысын қорғайды, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.
Кирилл Беларусь жастар құрамасының ойыншысы ретінде белгілі.
Клубтық мансабында Кирилл ресейлік «Амкар», беларусьтік «Белшина», «Ислочь», «Витебск» секілді командаларда ойнаған Өткен маусымда «Днепр Могилёвте» өткізіп, 17 ойында 19 гол соқты.
Сидоренко ағымдағы маусымды петропавлдық «Қызылжар» сапында бастап, бір ойынға қатысып, жасыл алаңда тек 6 минут ғана өнер көрсетті.