Қызылордалық «Қайсар» Нұрымжан Салайдин және Нұрмат Сәрсеновпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.
Нұрымжан мен Нұрмат «Қайсардың» тәрбиеленушілері болып табылады. Қос қақпашы да бұған дейін тек қызылордалық командаларда өнер көрсетті.
26 жастағы Нұрымжан өткен маусымда «Қайсар» жейдесінде 11 кездесу өткізіп, 15 гол жіберіп алған.
19 жастағы Нұрмат өткен маусымды «Байқоңыр» мен «Қайсар-Ж» клубтарында өткізді.