Қызылордалық «Қайсар» 32 жастағы тәжірибелі қақпашы Никита Калмыковты қатарға қосты, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.
Никита – «Ертіс» футбол клубының түлегі. Клубтық мансабының басым бөлігін керекулік команда сапында өткізген. Сонымен қатар бір маусым петропавлдық «Қызылжардың» намысын қорғаған. «Ертіспен» бірге Еуропа лигасында өнер көрсетті.
Өткен маусымда «Ақсумен» Бірінші лига жеңімпазы атанды.