Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындары аясында алматылық «Қайрат» ресейлік «Чайканы» жеңіп, алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Оңтүстік астаналықтар сапынан Артур Шушеначев дубль авторы атанса, Андрей Ульшин бір гол соқты. Ал қарсылас команда қатарынан қазақстандық Рамазан Оразов айып добын сәтті орындап, көзге түсті.
«Қайраттың» құрамы: Покатилов, Оганесян, Поляков, Дугалич, Миканович, Ульшин, Косович, Әліқұлов, Мамба, Шушеначев, Вагнер Лав.
«Қайрат» (Қазақстан) – «Чайка» (Ресей) – 3:1
Голдар: Шушеначев 16’, 75’, Ульшин 48’ – Оразов 79’.