Алматылық «Қайрат» футбол клубы команданың басшысымен болған соңғы оқиғаларға байланысты ресми мәлімдеме жасады.
«Қайрат» футбол клубы өз жұмысын штаттағы режімде жалғастырып жатыр.
Академиядағы футболшылар білім алып, жаңа маусымға дайындығын пысықтауда. Ал негізгі команда «Тараз» ФК-на қарсы матчқа дайындық жүргізуде. «Орталық» стадиондағы ойын 17 наурызда, бейсенбіде, 17:00-де басталады», – делінген клубтың жазбасында.