Алматылық «Қайраттың» баспасөз қызметі Белекте өтетін үшінші оқу-жаттығу жиындарында кездесетін клубтарды жариялады.
17.02.21. Ресейдің Ұлттық футбол лигасында (ФНЛ) өнер көрсететін «Чайка» клубымен күш сынасады. Ресейлік команда сапында қазақстандық ойыншы Рамазан Оразовтың бар екенін де айта кеткеніміз жөн.
19.02.21. ҰФЛ-дің (ФНЛ) тағы бір өкілі, ағымдағы маусымда турнир кестесінің көшін бастап тұрған «Нижний Новгород» клубымен кім мықтыны анықтайды.
21.02.21. Келесі кезекте Ресей Премьер-лигасының бірінші бөлігінен кейін 28 ұпаймен тоғызыншы орында тұрған қазандық «Рубинмен» бақ сынайды.
23.02.21. Төртінші қарсылас болып «ең қазақстандық» клуб, Премьер-лиганың қауіпті аймағында тұрған волгоградтық «Ротормен» ойнайды. «Ротор» сапында қазақстандық ойыншылар Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко және Алексей Щеткин өнер көрсетеді.