«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен 2022 жылғы маусымды «Ақсу» сапында өткізеді, деп хабарлайды алматылық команданың баспасөз қызметі.
«Қайрат» тәрбиеленушісі 2022 жылдың соңына дейін «Ақсу» командасына жалға берілді.
Әбікен өткен маусымда «Қайрат» жейдесінде 40 матч өткізіп, бес мәрте мергендігімен көзге түсті.