Алматылық «Қайрат» 20 жастағы ресейлік қақпашы Вадим Ульяновты қатарға қосқанын хабарлады.
Келісім-шарт мерзімі 2023 жылдың жазына дейін есептелген.
Вадим Ульянов ресейлік «Керамика» командасының түлегі. Бұған дейін ол мәскеулік «Строгино» клубында ойнаған.
Алматылық клубқа ауысқанға дейін ол «Қайрат-Мәскеудің» намысын қорғады. Клуб жейдесінде 13 матч өткізіп, 16 гол жіберіп алды, 6 ойында қақпасын голдан аман сақтады.