Рунет выбирает
77
79
75
76
80

«Жалақымның қанша екенін білмедім». Адиев – ұлттық құрамаға келуі мен алдағы ойындарға дайындық жайлы

Читать полностью

Қазақстан құрамасының бас бапкері МагомедАдиев YouTube-тағы «Спорт Шрёдингера» арнасына берген сұхбатында ұлттыққұраманың маусым айындағы ойындарын қорытындылады, сондай-ақ қыркүйектегіматчтарға дайындығы жайлы пікір білдірді, командаға шақыртылуы мүмкінойыншыларды, қай позицияларды нығайту қажеттігін айтып берді және РПЛклубтарынан түскен ұсыныс пен өзінің болашағына қатысты мәлімдеме жасады.

— Қазақстанға алғаш келгенкезіңіз есіңізде ме?

— Иә, есімде. 2003 жылы Астана қаласына келіп, «Жеңіс» футбол клубындаүш-төрт ай ойнадым. Одан кейін Қазақстанға қарағандылық «Шахтерді» баптау үшінкелдім. Есептеп қарасам, бұл елде он сегіз жыл болмаппын. Нұр-Сұлтан қаласыныңқалай өзгергеніне қарап, қатты таң қалдым. Көшедегі адамдардан өзім тұрғанғимараттың қайда екенін сұрап едім, ешкім білмеді. Бірақ бәрібір іздегенжерімді тауып, «Жеңістің» стадионына барып қайттым.

— Қазақстан құрамасының соңғыкездегі нәтижесінің сыры неде?

— Мына жағдай көмектесті деп айту қиын. Жақсы нәтиже тіркеу үшін бірнешефакторлар әсер етті. Қазір керемет дүние жасадық дей алмаймын. Алты ойынаяқталғаннан соң ғана қорытынды шығаруға болады. Ұлттық құрамадағы жігіттерменалғаш рет сөйлескенімде «мен бапкер ретінде ештеңе істей алмаймын, киімауыстыратын бөлмедегі атмосфераны дұрыстасақ, қолымыздан бәрі келеді, еңалдымен қарым-қатынасты реттейік» деп айттым. Футболшылар бір-бірінің ойынынталқыламау қажет. Егер қайсыбір ойыншы сұхбат кезінде немесе жанкүйерлергеәріптесі туралы пікірлер айта бастаса, ұлттық құрамадан шеттетемін. Елдің бастыкомандасында ойнау – үлкен абырой емес пе? Бір сөзбен айтқанда ойыншылар менбапкерлік штаб арасындағы байланыс нығайды. Мен келгенге дейін командада неболғанын білмеймін. Келе салысымен команданы біріктірдім және менімен біргесоңына дейін баратын футболшыларды таңдау кезінде қателеспедім деп ойлаймын.Егер ойыншы бапкерге сенбесе, бірдеңе жасау қиын. Жігіттер бапкерлік штабтыңнұсқауын дұрыс орындады. Басты артықшылығымыз да осы болған секілді.

— Сіз өз клубында негізгі құрамдаойнамайтын футболшыларға сенім арттыңыз. Оларды ойынға қалай дайындадыңыз?

— Біз алғашқы жиынға көп ойыншыны шақырттық. Мен ҚФФ мен ҚКФЛ басшылығынанбір турдың ойындарын кейінге шегеруін өтіндім. Себебі төрт матчқа дайындалуүшін көп уақыт қажет болды. Ойыншылармен жақынырақ танысу үшін Премьер-лиганыңойындарын бақыладым. Көбісімен кездесіп, әңгімелестім. Бірақ бәрібір де біразойыншыны танымадым. Басшылық менің өтінішімді орындады. Жиынның алғашқы күнінде27-30 ойыншы болды. Біз бір-бірімізбен таныстық. Жігіттер бапкерлер штабыныңқояр талаптарын біле бастады. Сондықтан бәрі сәтті болды деуге болады. Кейбіржігіттердің физикалық дайындығы нашар болды. Мысалы Вороговский сол кезеңдебіздің командаға көп көмектесті. Бірақ ол алғашқы үш-төрт күнде жеке жаттықты.Янға сол кезде «маған сеніп, айтқанымды істей бер» дедім. Осылай әр ойыншыныңбойына сенім ұялату қажет болды. Айымбетов те «Астананың» негізгі құрамындаойнамай жүрген еді. Алғашқы жаттығулардан кейін оған «Абат, мен сені негізгішабуылшы ретінде таңдадым, саған үлкен сенім артамын» деп айттым. Ол кездекомандада Шушеначев, Щеткин, Жұмабек секілді форвардтар бар еді. Щеткинталаптарыма сай келмеді, ал Жұмабек болашаққа арналған нұсқа.

— Қыркүйек айындағы ойындардаұлттық құрамадан жаңа футболшыларды көреміз бе?

— Солай болғанын қалаймын. Мен соңғы кездері бірқатар ойыншыларды бақылапжүрмін. Алаң ортасындағы белсенділікті арттыру қажет деп ойлаймын. Сондықтанмаған жартылай қорғаушылар керек. Олардың қарсыласқа көп қысым жасап, белсендіболғанын қалаймын. Міне, осындай жартылай қорғаушыларды іздеп жүрмін. Көзіметүскен бірнеше үміткерлер бар. Алдағы бір ай бойы оларды бақылайтын боламын.

— Ресейдегі қазақстандықойыншыларды бақылап жүрсіз бе?

— Иә, әрине. Суперкубок үшін болған матчта Әліп мүлдем басқа ойын көрсетті.Ол өзіне қатты сенімді болды, допқа талас кезінде жақсы ойнады, Ешқандайкемшілігі болған жоқ. Зайнутдиновті де шақырамын. Кеше «Ахмат», «Зенит» жәнеЦСКА-ның ойынын тамашаладым. Қарап отырсам, Ресейдегі үш футболшымыз да орталыққорғаушы позициясында ойнайды екен (күліп).

Зайнутдиновке арналған басқа жоспарларым бар. Оны алаң ортасындапайдаланғым келеді. Себебі командамызда сол қапталдағы орталық қорғаушы ретіндеойнайтын Әліп бар.

— «Шахтерден» кетіп, ойламағанжерден жерден Қазақстан құрамасын тізгіндедіңіз. Бұл қалай болды?

— Молдовамен болған ойыннан кейін ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұлов мағанхабарласты. Ұзақ уақыт сөйлестік. Ол кісіге өз жоспарларымды айттым. Ал«Шахтер» басшылығына екінші оқу-жаттығу жиынынан кейін командада жұмысістемейтінімді айтқан едім. Мұның бірнеше себептері болды. Өзімді басқа жерде сынапкөргім келді. Сол кезде Әділет мырза «сен біз қарастырып жатқан бес-алтыүміткердің ішінде барсың» деп айтты. Ол адамдардың есімін де айтып берді.Барлығы да Қазақстан чемпионатында жұмыс істейтін бапкерлер екен. ҚФФ басшылығымаусым айындағы ойындарға аз уақыт қалғандықтан ел біріншілігін жақсы білетінмаманға сенім арту туралы шешім қабылдады. Бірнеше рет федерациядағы адамдарменкездесіп, әңгімелестік. Олар басқа үміткерлердің де пікірін тыңдады. Бірақтаңдау маған түсті.

— Бапкерлік құрамды қалайжасақтадыңыз?

— Евгений Кострубты танымайтын едім. ҚФФ ұсынған бірнеше үміткерлер болды. Басшылықтанменімен бірге жұмыс істейтін адамдардың Қазақстаннан болғанын қалайтынымдыайттым. Үміткерлер тізімін берген кезде Кострубтың кандидатурасын байқап,онымен байланысқа шықтым. Оның жұмысқа деген құлшынысын көрдім. СондықтанЕвгенийді таңдадым. Одан бөлек, бапкерлер штабында Руслан Балтиев бар. Оныменбірге жұмыс істеу мен үшін оңайырақ. Себебі Русланды жиырма жылдан берібілемін. Ол менің досым және чемпионатты жақсы біледі.

— Қыркүйектегі ойындарға дайындыққалай жүріп жатыр?

— Қарсыластарым жайлы ақпарат жинаудамын. Әзербайжан құрамасының біршамаойыншысы өнер көрсететін «Карабахтың» ойынын тамашаладым. Ал Беларусь жайлыақпарат алу қиынға соғуда. Оларға түрлі санкциялар тағайындалды, ойындарын әржерде өткізіп жүр. Ең алдымен қыркүйектегі матчтарға өзімді дайындауым қажет.Ойымды бір жерге жинақтап, жаңа идеяларды ойлап табу керек. Алдағы уақыттаойланып, командаға шақыртылатын ойыншыларды анықтаймын.

— Қазақстан құрамасымен жасасқан келісім-шартыңыз жайлы айтып өтсеңіз.

— Шынымды айтсам, келісім-шартқа қолқойған кезімде жалақымның қанша екенін білмедім. Мен ұлттық құрамада жұмысістеуді қатты қаладым. Өзіме артылатын жауапкершілікті, қандай сын тағатынынжақсы білдім. Бірақ мықтылармен күш сынасып, өзімді тексеріп көргім келді.Ұлттық құраманың бапкері болу өте керемет жұмыс деп ойлаймын. Бұл жерде ақшаемес, менің мотивациям үлкен рөл атқарды. Сондықтан ұсынған келісім-шартқа ешойланбай қол қойдым.

— Сізге РПЛ клубтарынанұсыныстүсті деген ақпарат болды. Сіз бұл нұсқаны қарастырмайсыз ба?

— Жоқ. Бірнеше клубтар менімен байланысқа шығып, болашаққа арналғанжоспарларымды білгісі келді. Олар да менің қазір Қазақстан құрамасынанкетпейтінімді жақсы түсінді деп ойлаймын. Жұмысты соңына дейін жеткізбей кетіпқалу бапкер былай тұрсын, ер адамға жараспайды. Бірінші кезекте федерация менелдің және жанкүйерлердің алдындағы жауапкершілік маңызды рөл атқарады. Циклдіаяқтағаннан кейін ғана басқа дүниелер жайлы ойлануға болады. Соңғы матчтардажақсы нәтиже көрсетіп, мақсатымызға жету бүкіл ел үшін, футболшылар үшін жәнеменің бапкерлік мансабым үшін өте маңызды болмақ.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+