Рунет выбирает
77
79
75
76
80

Месси «Реалдың» чемпиондығы, «Алтын допты» кім алатыны һәм 2026 жылғы мундиальда ойнау-ойнамауы туралы айтты

Читать полностью

Аргентина ұлттық құрамасы мен ПСЖ-ның ойыншысы Лионель Месси TyC Sports-қа берген сұқбатында Италияға қарсы матч, Әлем чемпионатының фавориті, «Алтын допты» кім алуы мүмкін екендігі, «Барселонадан» ПСЖ-ға ауысуы және 2026 жылғы мундиальда ойнау не ойнамауы туралы айтты.

Месси Мбаппенің Еуропада футбол Америкаға қарағанда дамыған деген пікіріне жауап берді

— Мен олай айтқанын естімедім. Бірақ біз бұл туралы Испанияның жігіттерімен олар іріктеу матчтарынан оралған кезде бірнеше рет сөйлескенбіз. Мен оларға егер Колумбияға немесе Венесуэлаға барып, ойнасаңдар Әлем чемпионатына жолдама алу қиын болар еді деп айттым.

Онда биіктік үлкен және күн тым ыстық. Сонымен қатар олар керемет ойыншылары бар мықты құрамалар.

Финалиссимадағы Италияға қарсы ойын алдындағы ойы

— Біз үшін үлкен сынақ болайын деп тұр. Олар – Еуропа чемпиондары. Егер Италия Әлем чемпионатына өтсе, онда фавориттердің бірі болар еді. Олардың жолы болмай, мундиальдан тыс қалды. Бірақ Италияның барлық мәселені іріктеудің топтық кезеңінде шешіп тастайтын мүмкіндігі болды. Алайда олай істей алмай, жолдамасыз қалды.

Италияға қарсы ойында жеңіске жеткіміз келеді. Бұл FIFA рұқсат еткен ресми ойын және біздің қоржынымызға жаңа кубок түсуі мүмкін. Құрама мен бүкіл Аргентина елі үшін бұл кубок артықтық етпес еді деп ойлаймын.

Әлем чемпионатының жеребесіне және Францияға қатысты пікірі

— Оңай қарсылас болмайтынын білеміз. Мексика – тамаша ойнайтын, бізге әрқашан қиындық туғыза білетін команда. Сонымен қатар Польша мен Сауд Арабиясына қарсы өтетін ойындар да оңайдан болмайтыны хақ.

Франция – мықты құрама. Өткен чемпионатта фавориттердің қатарында болып, соңында жеңімпаз атанды. Менің ойымша, оларды Еуропа чемпионатындағы сәтсіздік күшейте түсті. Катардағы додада да Франция чемпиондыққа басты үміткер деп есептеймін.

Месси 2026 жылғы Әлем чемпионатында ойнай ма?

— Алдыңғы чемпионаттан кейін көп нәрсе туралы ойладым. Әзірге білмеймін. Көреміз. Қазір қайда жүргенімді қараңызшы, мен ешқашан «Барселонадан» басқа клубта ойнаймын деп ойламадым. Сондықтан бәрі мүмкін. Бірақ, шынымды айтсам, қиындау, нақты сенімді емеспін.

Гол тойлағандағы Марадонаға құрмет көрсетуінің қалай пайда болғаны туралы

— Матчтың алдындағы түнде жұбайым Антонелла екеуміз демалып жатқанбыз, сол кезде Диегоға арнап бірдеңе істеуім керек деген ой сап ете қалды. Сөйтіп ойын жейделері, трофейлер сақталған арнайы бөлмеме барып, ұлттық құраманың жейдесін немесе соған ұқсас дүниені іздеуге кірістім. Ылғи да жабық тұратын бөлме бар еді, алайда сол кезде оның есігі айқара ашық болды. Орындықтың үстінде «Ньюэллс Олд Бойздың» 10-нөмірлі жейдесі тұр екен. Соны көрдім де «Болды!» дедім. Бұл естен кетпес тамаша сезім болды.

Агуэроның мансабын аяқтауы туралы

— Басында оған нақты не болғанын білмедім. Кейін онымен сөйлескенде, егер ол ойнауды жалғастырса, оның денсаулығы одан да нашарлай түсетініне көз жеткіздім.

Қазір Агуэрода бәрі жақсы. Ол өзінің істеп жатқан ісін жақсы көреді және оны еш алаңдамай жасайды.

Мен оны әрдайым сағынамын. Біз өте жақын едік, мен күні бойы оның жанында болатынмын. Біз бірге тұрып, бірге ұйқыға жататынбыз. Шынында, мен оны сағындым. Өте қатты.

Чемпиондар лигасынан ұшып кеткеннен кейінгі ПСЖ жанкүйерлерінің наразылығы жайлы

— Бұл мен үшін жаңа дүние. «Барселонада» ешқашан бұлай болған емес, бәрі керісінше еді. Адамдардың жағдайы мен ойыншыларға, командаға деген ашуын түсінуге болады, өйткені мұндай жағдай ПСЖ-мен бірінші рет болып тұрған жоқ. Біз Чемпиондар лигасынан ұшып кеттік, жанкүйерлердің ашуы түсінікті. Мен және Неймарға деген наразылық басым болды.

«Реалдың» Чемпиондар лигасындағы жеңісі туралы

— «Реал Мадридтен» жеңілгеніміз бізге ауыр тиді. Маған ғана емес, басқа ойыншыларға және жалпы ПСЖ-ға қиынға соқты. Бірақ бұл бізге ең мықты команда әрқашан Чемпиондар лигасында жеңіске жете бермейтінін көрсетті. «Реалға» деген құрметім шексіз, алайда олар Чемпиондар лигасы ағымдағы маусымының ең мықты командасы болмады. Бірақ сонда да жеңіске жетті.

ПСЖ-дағы өткен маусым туралы

— ПСЖ-дағы келесі маусымым мен үшін әлдеқайда жақсы болатынына сенімдімін. Сол бір жаздағы оқиғадан кейін оңай болған жоқ. Не болғанын түсіну қиын болды. Мен «Барселонадан» кетемін деп ойламадым. Бұл маған ауыр соққы болды. Сонымен қатар жаңа ойын стиліне үйренісу тағы бар. «Барселонадағы» көп жылдан бері бірге ойнаған әріптестерім мені бес саусақтарындай білетін еді.

«Барселонадан» ПСЖ-ға ауысуы туралы

— Сонша жыл бір жерде тұрақтағаннан кейін жасың келген кезде басқа жаққа қоныс аудару қиынға соғады. Осы жағдай қазіргіден жас кезімде болғанда, әңгіме басқаша болар еді. Мен дәл сол кезде осылай болғанын қаламадым және ол туралы ойламадым да. Барым да, нарым да Барселонада болды. Бұл қалаға кішкентай кезімнен келдім және Аргентинаға қарағанда сонда көп өмір сүрдім. Шынымды айтсам, бірдеңе өзгертемін деп ойламаған едім.

Коронавирус жұқтыруы туралы

— Маған ауырға тиді. Менің ойымша, симптомдар басқаларға ұқсас болды. Температура, жөтел, тамақтың ауыруы. Бірақ коронавирус асқынып, өкпеге әсер етті. Өкпемнің ауыруы себепті бір жарым ай жаттығу жасай алмадым. Тіпті, жүгіру де қолымнан келмеді. Белгіленгеннен ерте келіп алып, жағдайымды одан сайын нашарлаттым.

2021 жылы «Алтын допты» алғаннан кейінгі Левандовскидің сөзі туралы

— Әркім өз қалағанын айтады және, әрине, ол да өз пікірін білдіре алады. Шынымды айтсам, мен Левандовскидің айтқандарына қосылмаймын және оған аса мән де бермедім. Бұл маған қызық емес. Бірақ менің сол кездегі оған айтқан сөздерім шын жүректен болды, өйткені мен расында да солай ойладым. Мен оны «Алтын допқа» өткен жылы лайық еді деп айттым, өйткені бір жыл бұрын ол үздік болды. Бірақ мен «Алтын допты» жеңіп алған жылы (2021) ол ең үздік болмады.

2022 жылғы «Алтын допты» кім алатыны жайлы

— Бенземаның тамаша маусым өткізіп, командасымен Чемпиондар лигасын жеңіп алып, осы жетістікте жету жолында басты рөл атқарғаны айдан анық. «Алтын допты» кімнің алатынына қатысты күмән жоқ деп ойлаймын.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 4
Реклама 21+