Рунет выбирает
77
79
75
76
80

«Клубтан кету маған ауыр тиді». Роман Абрамович «Челсиді» сату туралы шешім қабылдады

Читать полностью

Роман Абрамович 2003 жылы 140 миллион еуроға сатып алған «Челси» клубынан кету туралы шешім қабылдады. Осы орайда Meta-ratings.kz тілшісі ресейлік кәсіпкердің неліктен бұлай жасағанын анықтап, клубқа сіңірген еңбегі мен әлеуетті сатып алушылар жайлы сөз қозғады.

19 жыл бойы лондондық клубты басқарып келген ресейлік миллиардер ықтимал санкциялардан зардап шекпеу үшін «Челсиді» сатуға мәжбүр болып отыр. 24 ақпанда Британ парламентінде «Абрамович ағылшын клубына иелік етпеуі керек» деген мәселе талқыланды. Осыдан кейін Ұлыбритания үкіметінің мәселені жылы жауып қоюы екіталай. Сондықтан «Челсидің» мүддесі үшін Роман мырза клубты сату туралы шешім қабылдады, сонымен қатар команданың 1,5 миллиард фунт стерлингті құрайтын қарызын кешірді.

«Мен соңғы бірнеше күн бойы «Челси» футбол клубының меншігіне қатысты айтылып жүрген болжамдарға жауап бергім келеді. Мен әрқашан клубтың мүддесі үшін шын жүректен шешім қабылдадым. Қазір клубты сату туралы шешім шығардым, яғни бұл клубтың, жанкүйерлердің, қызметкерлердің, демеушілердің және серіктестердің игілігі үшін жасалды деп ойлаймын. Бұл өте қиын шешім екенін біліңіз және клубтан кету маған ауыр тиді. Дегенмен, бұл клуб үшін ең жақсы шешім деп ойлаймын. Мен барлығымен қоштасу үшін «Стэмфорд Бриджге» соңғы рет бару мүмкіндігіне ие боламын деген үміттемін. «Челси» футбол клубының бір бөлігі болу үлкен мәртебе және мен біздің ортақ жетістіктерімізді мақтан тұтамын. «Челси» және оның жанкүйерлері әрқашан менің жүрегімде сақталады. Сіздерге үлкен рахмет!» - деді Абрамович.

«Челсиді» сатудан түскен қаражат қайырымдылық қорына аударылады

26 ақпанда Абрамович «Челси» тізгінін клубтың 2010 жылы құрылған қайырымдылық қорына тапсырған болатын. Осы жоба арқылы «аристократтар» қайырымдылық және әлеуметтік жобалармен айналысты. Бұған дейін қордың жұмысына шамамен 120 миллион доллар жұмсалған екен. Ал кеше жасаған мәлімдемесінде 55 жастағы кәсіпкер клубты сатудан түскен ақшаны Украинадағы зардап шеккен адамдарға көмек ретінде беретінін айтты.

Клубты сатуға асықпаймын, барлығы уақыты келгенде орындалады. Сондай-ақ «Челсидің» маған деген қарызын сұрамаймын. Мен үшін бұл клуб бизнеспен де, ақшамен де байланысты болған емес. Оның үстіне мен өзімнің командама сатылымнан түскен ақшаны қайырымдылық қорына беруді тапсырдым. Қор Украинадағы соғыстан зардап шеккендердің игілігі үшін жұмыс істейтін болады. Мұқтаж жандарға көмектесеміз және оларға әрі қарай да қолдау көрсетілетін болады.

Абрамович қанша қаласа да Ұлыбританияға кіре алмайды

Абрамовичке 2018 жылы Ұлыбританияға кіруге тыйым салынған болатын. Содан бері клубқа қатысты барлық шаруаларды канадалық төлқұжаты бар атқарушы директор Марина Грановская атқаруда. Бірақ ресейлік кәсіпкер өз командасының маңызды матчтарына, яғни Португалияда өткен Чемпиондар лигасының финалына және Абу-Дабидегі клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалына қатысты. Екі матчта да «Челсидің» мерейі үстем болып, маңызды трофейлерге қол жеткізді. Матчтан кейін Абрамович бас бапкер Томас Тухельмен кездесіп, ойыншылармен бірге жеңісті тойлады. Ал кеше «Челсидің» бағына жаралған неміс бапкері Абрамовичтің клубты сатуы туралы мынадай пікір білдірді:

«Менің ойымша, Роман Абрамович қабылдаған шешімдердің бәрі дұрыс. Бұл оның таңдауы және оның клубы, оның шешімдеріне түсініктеме бере алмаймын. Команда, қызметкерлер және ойыншылар үшін көп нәрсе өзгермейді деп үміттенемін».

Клубтың жаңа басшысы кім болуы мүмкін?

The New York Times газетінің хабарлауынша, Абрамович «Raine Group» фирмасына «Челсидің» жаңа иесін анықтау туралы мәселені шешуді тапсырған. Қызығушылық танытқан инвесторлар осы аптаның соңына дейін өз өтінімдерін дайындау керек.

Олардың арасында жалпы байлығы 4,6 миллиард фунт стерлингті құрайтын швейцариялық кәсіпкер Ханс-Йорг Висс бар. Швейцариялық миллиардер Blick газетіне берген сұхбатында клубты сатып алу туралы ұсыныс жасаған төрт адамның бірі екенін айтты.

«Абрамович Англиядағы барлық виллаларын сатуға тырысады және «Челсиден» тезірек құтылғысы келеді». Бірақ Роман тым көп ақша талап етуде. «Челсидің» оған 2 миллиард фунт стерлинг қарыз екенін білесіз. Бірақ клубта оны қайтаратын ақша жоқ. Мен «Челсиді» серіктестеріммен бірге сатып алуым мүмкін. Яғни, мен лондондық клубты тек алты-жеті инвестормен бірігу арқылы ғана сатып аламын», - деді Висс.

Клубты сатып алғысы келетін адамдардың арасында америкалық Тодд Боэли де бар екен. Ол 2019 жылы «Челсиді» 2,9 миллиард фунт стерлингке сатып алуға тырысты, бірақ жолы болмады. БАҚ беттерінде Ұлыбританиядағы ең бай адамдардың бірі Джим Рэтклиффтің де лондондық клубқа қызығушылық танытқаны туралы ақпараттар пайда болды.

Абрамовичтің клуб үшін қанша ақша сұрағаны белгісіз. Спорттық басылымдар 55 жастағы кәсіпкердің «Челсиді» 4 миллиард еуроға сатқысы келетінін жарыса жазуда. Бірақ Ұлыбританияда лондондық клубқа қатысты санкциялар тағайындалса, Абрамович «Челсиді» тезірек сату үшін талап еткен сомасын айтарлықтай азайтуы мүмкін.

Абрамович «Челсиді» Англиядағы және әлемдегі ең мықты клубқа айналдырды

Абрамович «Челсиді» сатылымға шығармас бұрын клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды: 12 ақпанда лондондықтар «Пальмейрасты» жеңіп, өз тарихында алғаш рет аталмыш кубокті иемденді, бұл «Челсидің» жүлделер жиынтығына жетіспей тұрған трофей еді. Ресейлік миллиардермен бірге клуб мүмкін болған барлық титулдарды қоржынға салды.

Абрамович келгеннен кейін «Челси» шын мәнінде әлем футболының грандына айналды. Оның тұсында лондондықтар 21 титул жеңіп алды.

Нақтырақ айтсақ, Роман мырзаның жетекшілік етуімен «Челси» ойыншылары бес рет Премьер-лига титулын, бес рет ел кубогін, үш лига кубогін және екі Англия суперкубогін бастарынан жоғары көтерді. Сондай-ақ екі рет Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында топ жарды, бір рет УЕФА суперкубогін және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+