Рунет выбирает
77
79
75
76
80

Килиан Мбаппе: «Арманым «Реал Мадридте» ойнау деп айту құрметсіздік болады»

Читать полностью

Бірнеше күн бұрын ПСЖ клубымен үш жылдық келісім-шартқа отырған франциялық шабуылшы Килиан Мбаппе Marca басылымына берген сұхбатында Парижде қалу себебін түсіндіріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

— Сізді ПСЖ клубында алып қалу үшін Франция президентінің өзі іске кірісті...

— Бұлерекше жағдай. Мен жаңа келісім-шартқа байланыстыосындай тұлғамен сөйлесемін деп елестеткен емеспін. Онымен және сол секілді маңызды адамдарменсөйлесу керемет әсер сыйлады, бірақсоңында шешімдіөзім қабылдадым, дегенмен олар маған жақсы кеңес берді.

Мен тек жақсы нәрселер айта аламын.... Бірақ түптепкелгенде, бұл менің шешімім болды. Қолымнан не келеді, болашағым не болады депкөп ойладым. Ақыр соңында өз елімде қалу туралы шешім шығардым, өйткені менфранцузбын және ПСЖ-дағы жаңа жобаның, жаңа дәуірдің бір бөлігі болғым келді.

— Сіздің текқысқа мерзімді (екі немесе бір жылдық) келісім-шартқақол қоятыныңыз жайлы ақпарат болды.

Мен «Ливерпульмен» сөйлестім, өйткені, қызыл – меніңанамның сүйікті түсі және ол кісі «Ливерпульді» жақсы көреді. Неліктен? Білмеймін,оны өзінен сұраңыз (күлді). Біз бұл клубтың өкілдерімен «Монакода» ойнап жүргенкезде де кездескенбіз. Бұл жолы олармен көп сөйлеспедік. Шынымды айтсам, менүшін «Реал Мадрид» пен ПСЖ клубы ғана талас жүргізді.

Өткен жылы «Реалға» барғым келгенін бәрі біледі. Ол кезде париждік клубтан кетуді жақсы шешім болады деп ойладым, бірақ қазірбәрі басқаша, өйткені мен французбын және ел үшін маңызды екенімді білемін, алсіз еліңізге керек болсаңыз, тек футбол туралы емес, сонымен қатар өз өміріңізжайлы ойлануыңыз керек.

Мансабымдыаяқтағаннан кейін де Францияда боламын, осында отбасыммен және достарымменбірге тұрамын. Менің қолымнан келетін жалғыз нәрсе – «Реал Мадридтің» барлықжанкүйерлеріне, клубқа алғыс айту ғана, өйткені, мен ол жақта ойнамасам да, олармаған керемет сезім сыйлады. Мен Мадридте бар болғаны 14 жасымда бір апта болыпқайтқанмын, «Реал» - таңғажайып клуб және оларға Чемпиондар лигасының финалындасәттілік тілеймін.

— Әлі де болса «РеалМадридте» ойнауды армандайсыз ба?

— Бірнеше күн бұрын ғана жаңа келісім-шартқа қолқойғандықтан, менің арманым «Реал Мадридте» ойнау деп айту құрметсіздік болады депойлаймын.

— Мен Сізден жайғана арманыңызды сұрадым?

— Арманым жоқ емес, бірақ мен қазір тек жаңа келісім-шарттуралы ойлаймын. Ертең не болатынын ешқашан білмейсіз... Менің үш жылға жарамдыкелісім-шартым бар, сондықтан әзірге ПСЖ-дағы жағдайыма назар аударуым қажет.

— БАҚ-та ФлорентиноПерес Сізге «Реалдың» жейдесін жіберді деген ақпарат тарады. Бұлрас па?

— Ол маған ештеңе бермеді. Сондықтан бұл ақпарат шындыққажанаспайды.

— Бірнеше күнбұрын Мадридке барып қайттыңыз. Мұны қателік деп санамайсыз ба?

— Бұл қателік емес. Ия, мен Мадридте болдым, өйткені Ашраф[Хакими] Испанияға өзімен серік болып баруымды өтінді. Ол тағы өтініш жасаса,тағы да баруға дайынмын. Мен Мадридке адамдардың өсегіне айналу үшін барғанжоқпын. Ешкім көрмеуі үшін Ашраф жеке ұшақ жалдады және жол ақысын өзі төледі,ұшатындардың тізімінде менің атым да болған жоқ, аэропортта да мені ешкімкөрмеді. Қонақ үйге бардым, сондағы мейрамханалардың бірінде бізді байқапқалды.

— Сізді Париждеақша үшін қалды деп айыптауда?

— Мен аздап қынжылдым, өйткені футболға келгеннен берібарлығына ойнауға деген ынта-ықыласымның, ниетімнің бар екенін көрсеттім. Менәрқашан футбол, титулдар, маңызды матчтар туралы айттым және ешқашан ақшатуралы сөз қозғаған емеспін. Адамдар қалағанын айта береді, бірақ менің қандайекенімді бәрі біледі.

Мен «Реал Мадридтегі» барлық адамдармен сөйлестім, ПСЖ-менде келіссөз жүргіздім және олар менің президентпен де, Флорентино Переспен де,Насер Аль-Хелайфимен де ақша туралы сөйлеспегенімді біледі. Адвокатыманам сияқты ақша туралы мәселе көтерген, бірақ менің бұған қатысым жоқ. Менфутболға қатысты мәселені бірінші орынға қоямын, өйткені мен тек алаңда сөйлеймін.

Менің ақшам есепшотыма түседі, мен оған қатты назараудармаймын, себебі ол мен үшін маңызды емес. Мен титулдар жеңіп, өзімнің үздікекенімді көрсету үшін және бақытты болу үшін осында қалдым.

— Чемпиондар лигасын жеңу туралы мақсатыңыз барма?

— Бұл мақсат емес,құмарлық болып табылады. Мүмкін мен келесі жылы да Чемпиондар лигасын ұтпайтыншығармын, бірақ бұл трофейге деген құмарлығым жоғалмайды.

Мен әлем чемпионы атандым, биыл екінші рет мундиальдажеңіске жетемін деп үміттенемін, бірақ, әрине, Чемпиондар лигасын ұтқым келеді.Мұны мақсат деп айтып отырған жоқпын, себебі біз бұған дейін финалға дейінжеттік. Мен жыл сайын қалқанқұлақ кубокті жеңіп алуға тырыстым, әрі қарай да тырысаберемін.

— Карим Бенземаның Instagram-дағы жазбасына қатыстыне айтасыз? (Ол өз сторисінде америкалық рэпер Тупактың өзіне опасыздық жасаған досымен түскен суретін жариялаған болатын)

— Иә, иә, мен бірнеше «Реал Мадрид» ойыншыларының бірдеңежариялағанын көрдім. Мұндай жағдайлар болып тұрады, айтар сөзім жоқ. Әрине, менФранция құрамасына барған кезде Каримге неліктен ПСЖ-да қалғанымдытүсіндіремін, өйткені біз жақсы қарым-қатынастамыз.

— Сіз үздікфутболшы болғыңыз келетінін айттыңыз. Ол үшін не қажет?

— Үздік болу үшін тарихты жаңартып, жеке және командалықжүлделерді жеңіп алу керек, адамдар одан ләззат алуы тиіс, өйткені футболды тектитулдар үшін ғана емес, эмоциялар мен сезімдер үшін ойнайды. Мәселе тек гол соғып, «Алтын допты» немесе Чемпиондар лигасын жеңіп алуда емес. Ең бастысы,алаңда және одан тыс жерде де өзіңді жақсы жағына көрсете білуің қажет.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+