Бүгін Қазақстанқұрамасы Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Молдовамен алғашқы матчын өткізіп,2:1 есебімен жеңіске жетті. Осы орайда Meta-ratings.kz тілшісі матчқа шолужасап көрді.
Кишинев қаласындағы«Зимбру» стдионында өтеді деп жоспарланған матчқа Ян Вороговский (жарақат) менИсламбек Қуаттың (дисквалификация) қатыспайтыны бесенеден белгілі болған еді.Бас бапкердің міндетін атқарушы маман Андрей Карпович бұл ойында қақпаны ИгорьШацкийге сеніп тапсырды. Ал қорғанысқа Малый, Марочкин, Әліп үштігі жауаптыболса, сол қапталға көптен бері ұлттық құрамаға шақырту алмаған ҒафуржанСүйімбаев, оң қапталға Марат Быстров шықты. Орталық алаңда капитан міндетінатқарушы Асхат Тағыберген мен ұлттық құрамада небәрі бір ойын өткізген ДуманНәрзілдаев төбе көрсетті. Шабуыл шебінде Алексей Щеткин, Бақтиер Зайнутдиновжәне Владислав Васильев өнер көрсетті.
Ойындағы алғашқықауіпті сәтті біздің жігіттер ұйымдастырғанымен, алаң иелері тез арада ес жиып,басымдықты өз қолдарына алды. Отызыншы минуттан кейін Сергей Клещенкошәкірттері шабуылға лап қойды. Бірде Игорь Шацкий керемет сейвтерімен көзгетүссе, кейбір сәттерде молдовалық ойыншылар біздің қателікті кешіріп жатты.Қателік демекші, «Шахтер» қақпашысы 38-минутта допқа жете алмай, қарсылас жүзпайыздық гол соғатын мүмкіндікке ие болды. Бірақ Александр Марочкин ашыққақпаға еніп бара жатқан допты кері қайтарды. Алаң иелері бірінші таймға қосылғанбір минутта өз дегендеріне жетіп, есеп ашты. Нұралы Әліп тарапынан қысымкөрмеген Ион Николаеску алыс бұрышты дәл көздеп, Молдова құрамасындағы бесіншіголын соқты.
Екінші тайм басталасалысымен Карпович Нәрзілдаетың орнына Айбол Әбікенді шығарды. Бірақ алпысыншыминутқа дейін ойын бірқалыпты өрбіді. Ал 63-минутта Марат Быстровтың арқасындаҚазақстан құрамасы стандарт орындауға мүмкіндік алды. Владислав Васильевтің әуелетеасырған пасына Сергей Малый бірінші жетіп, басымен гол соқты. Есеп теңескенінеқарамастан алаңға Айбар Жақсылықов пен Роман Мұртазаев шықты. Ойынның 79-минутындаБақтиер Зайнутдиновтің Айбарға асырған пасын Молдова қорғаушысы Вячеслав Посмакөз қақпасына енгізіп алды. Бұл голға бас бапкеріміз болып жүрген АндрейКарпович балаша қуанды. Осыдан кейін молдовалықтар қанша тырысқанымен, есептіөзгерте алмады.
Ойыннан кейін Андрей Карпович баспасөз мәслихатына қатысып, мынадай пікір білдірді:
- Жеңіс құтты болсын! Біз күткендей, қиын ойын болды. Дайындық кезінде пысықтаған дүниелеріміз өз септігін тигізді. Молдова өз алаңында өнер көрсетті, жанкүйерлердің қолдауына ие болды. Қарсылас сапында шебер ойыншылар көп болғандықтан, олар бұл матчта фаворит саналды. Өте мықты қарсыласпен болған ойында жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Бірақ бұл нәтижені ұмытуға тура келеді. Себебі барлығы Нұр-Сұлтанда өтетін ойында шешіледі. Ол жақта да бізді қиын матч күтіп тұр. Біз өз кезегімізде дайындықты күшейтіп, ойынымызды жақсартуымыз қажет. Матчтан кейін киім ауыстыратын бөлмеде керемет атмосфера орнады. Осындай қиын матчта және дебюттік ойында жеңіске жету, әрине, ерекше әсер сыйлайды. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Біз өзімізге артылған жауапкершілік пен қысымды сезіне алдық. Жігіттер мінез көрсетіп, осындай қиын матчта жеңісті жұлып әкетті. Алдағы ойында бүгінгі қателіктерді жібермеуге, қарсыластың көп мүмкіндік жасауына жол бермейміз және жанкүйерлердің қолдауына иек артатын боламыз. Олар біз үшін он екінші ойыншы болып саналады.
Ал бүгін басымен гол соғып, командаға сенімділік сыйлаған Сергей Малый еш босаңсымай, екінші матчқа дайындалатынын мәлімдеді:
- Ойынның қиын болатынын білдік, өйткені біз сырт алаңда ойнадық. Матчқа дейін қарсыласты талдап, олардың мықты және әлсіз тұстарын білдік. Ойынға көп күш жұмсайтынымызды да жақсы түсіндік. Кездесуге жақсылап дайындалдық және ойлаған нәтижеге қол жеткіздік. Енді босаңсуға уақыт жоқ, екінші матчқа дайындалуымыз қажет. Себебі әлі ештеңе де шешілмеді және біз мұны жақсы түсінеміз.
Бір байқағанымыз,Талғат Байсуфиновтің кезінде біздің жігіттер соңғы минуттарда жиі гол соғып,ұпай еншілеп жүрген еді. Ал бұл матчта баяғы әдетіне басып, соңғы минуттарда өзқақпасына гол жіберіп алды. Дегенмен, қанша қателік жасасақ та, әупірімдепжүріп жеңіске жеттік.
Алаң иелері 25 мәрте соққы жасады, оның 9-ы біздің қақпамызға дәл бағытталған екен. Ал Карпович шәкірттері жасаған алты соққының небәрі екеуі нысанаға дәл ұшқан. Бабымыз келісе қоймаса да, бағымыз жанып, алғашқы матчта қолайлы нәтижеге қол жеткіздік.
Айтакетейік, Қазақстан құрамасы мен Молдова ұлттық құрамасы арасында 5 мәрте ресми матчойналған. 2 ойында Молдова басым түссе, 2 ойында Қазақстан құрамасы жеңіскежетті. Ал бір матч тең аяқталған екен. Ал бүгінгі ойыннан кейін таразы басы бізжаққа қарай ауды.
Қоскоманда арасындағы жауапты матч 29 наурызда «Астана Арена» стадионында өтеді.Қос матчтың нәтижесі бойынща үздік шыққан команда Ұлттар лигасының С дивизионында өнер көрсететінболады. Айта кетерлігі, бұл кезеңде сырт алаңда соғылған голдар маңызды рөлатқармайды. Екі ойынның қорытындысы бойынша соғылған голдар саны тең болса,экстра-тайм мен пенальти сериясын көретін боламыз.
Молдова - Қазақстан - 1:2
Молдова: Станислав Намашко (қ) – Олег Рябчук, Вячеслав Посмак, Вадим Болохан, Даниэл Думбравану, Иоан-Кэлин Ревенко – Артур Ионица (к), Михай Платика (Раду Гынсарь 76), Вадим Раце – Михаил Каймаков, Ион Николаеску;
Қазақстан: Игорь Шацкий (қ) – Ғафуржан Сүйімбаев, Нұралы Әліп, Сергей Малый, Александр Марочкин, Марат Быстров – Асхат Тағыберген (к) (Абзал Бейсебеков 84), Думан Нәрзілдаев (Айбол Әбікен 46), Владислав Васильев (Айбар Жақсылықов 65) – Бақтиер Зайнутдинов, Алексей Щеткин (Роман Мұртазаев 64);