Рунет выбирает
77
79
75
76
80

«Біз үшін таңсық дүние». Әліп – Ұлттар лигасындағы сенсация, Еуро-2024 іріктеуі және алдағы жоспары туралы

Читать полностью

«Зениттің» қорғаушысы Нұралы Әліп «РБ Спорт» сайтына берген сұқбатында Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы сенсациясы, алдағы матчтары, Магомед Адиевпен жұмыс істеу ерекшеліктері және қазіргі командадағы болашағы туралы айтты.

22 жастағы футболшының құқығы алматылық «Қайратқа» тиесілі, ресейлік клубқа желтоқсан айына дейін жалға берілген.

— Қазақстанның Беларусь пен Әзірбайжанға қарсы ойындарына шақыртылған футболшылардың қатарында барсың. Бұл матчтардан не күтесің?

— Енді бізге басқаша дайындалады деп ойлаймын. Қарсыластар біздің қалай ойнайтынымызды біледі. Бар күшімізді салып, көп ұпай жинауға тырысамыз. Әрине, қиын болады. Бірінші орынға ие болу үшін бір жеңіс қажет. Психологиялық қысым да бар. Бірақ, менің ойымша, біздің қолымыздан келеді. Бәрі жақсы аяқталатынына сенемін.

— Жалпы, төртінші турдан кейін бірінші орында боламыз деп ойладың ба?

— Топтан шығу керек деген нақты тапсырма болған жоқ. Жақсы өнер көрсеткіміз келді. Нәтижесінде Словакияны екі рет жеңіп, өз алаңымызда Әзербайжаннан басым түстік. Енді бірінші орында тұрмыз және мерзімінен бұрын топтан шыққымыз келеді. Әрине, бұл біз үшін аздап таңсық дүние. Ал қазір қатарынан үш жеңіс және барлығы біздің қолымызда. Жанкүйерлер ұлттық құрамаға қолдау білдіруде. Пікірлері өзгерді. Бұрын сын көп болған еді.

— Үш жеңіс және бір тең ойын – осындай нәтижеге қалай қол жеткіздіңдер?

— Дөп басып айту қиын. Қазір бізде жаңа жаттықтырушы – Магомед Адиев. Ол Ресейде жұмыс істеген, тактиканы өзгертті және ол бізге тура келе қалды. Жаттығуда бәрі әдеттегідей, кеңестер беріледі. Артық сөз жоқ. Бәрі түсінікті. Менің ойымша, оның рөлі өте жоғары.

— Басты қарсыластарың ретінде Словакия аталды, бірақ оларды екі рет тізе бүктірдіңдер. Бұл қалай болғаны?

— Біз оларды қонақта жеңген кезде, бұл тосын сый болды. Біз үшін де, жасыратын несі бар. Еліміз үшін лайықты өнер көрсеткіміз келді және жеңіске жеттік. Түзде жеңіске жеткеннен кейін, өз алаңымыздағы ойынынан тек үш ұпай алуды қаладық. Лық толы стадион, бірінші таймда екі гол соқтық. Жалпы, бәрі керемет болды. Осы кезеңге дейін бес ұпай жинаймыз деп ойладық, алайда ал қазір – 10 ұпай. Мақсат Белорусь пен Әзербайжанды артқа тастап, екінші орынға тұрақтау болды.

— Бұл іріктеу кезеңіндегі ең қиын қарсылас?

— Шын мәнінде, Белоруське қарсы ойнау қиын болды. Олар өз алаңында емес, Сербияда ойнады. Біз 1:0 алда болдық, ал екінші таймда олар осал тұсымызды тауып кетті. Алаң қолайсыз, биік шөп. Шаршадық. Бүкіл матч бойы алда болып, соңында бұрыштамадан гол жіберіп алу өкінішті болды. Енді олармен өз жерімізде күш сынасамыз. Бәрі жақсы болады деп үміттенемін.

— Адиевтің пікірінше, басты феномен – команданың бір идея аясында бірігуі. Бұған қалай қол жеткізілді?

— Бұрынғы бапкерлер туралы жаман ештеңе айтқым келмейді. Бірақ Адиевтің энергетикасы бөлек. Жігіттер жігерленіп, басқа адамға айналды. Бізде бұл матчтарда «Ахматтағы» Быстров, ЦСКА-дағы Зайнутдинов болған жоқ. Енді олар бізге көмектеседі деп сенемін. Адиев – жақсы психолог, мотиватор. Ол кавказдық қой және мұсылман. Менің ойымша, бұл белгілі бір дәрежеде әсер етті. Ол бізді түсінеді. Сонымен қатар матчтар алдында қарсыластар көп сөйледі, бізді жеңетіндеріне сенді. Адиев бәрі алаңда шешіледі деп сабырлы жауап берді.

— Командадағы өз рөліңді қалай көресің – сені көшбасшылардың бірі деуге бола ма?

— Олай ойламаймын. Мен құрамдағы ең жас ойыншымын. Командаға көбірек әсер ете алатын үлкен жігіттер бар. Шынымды айтсам, басында олардан ұялдым. Қазір олармен бір толқындамыз.

— Ресейге Қазақстан құрамасының ойыншылары келіп, қандай да бір команданы күшейте ала ма?

— Иә. Мен кім екенін білемін, бірақ ешкімді ренжітпеу үшін айтпаймын. Жас және егде жастағы жігіттер де. Олар менен Ресей туралы көп сұрамайды, енді мен матчтарға барамын, мүмкін сұрап қалар. Өздерін біреулерге айтуымды өтіне ме? Жоқ. Қазақстанда олай қалыптаспаған. Бір жерге таныс арқылы кіруді ұнатпайды.

— Магомед Адиев «Уралға» кетеді деген қауесеттер желдей есті. Уайымдадың ба?

— Керісінше. Егер ол мұны алға бір қадам деп қабылдаса, онда ол үшін қуанышты болар едім. Мен оған жазып, бұл рас па деп сұрағым келді. Бірақ біраз уақыттан кейін ол өзі пікір білдіріп, бәрін жоққа шығарды. Кем дегенде Ұлттар лигасының соңына дейін командада қалатынын мәлімдеді.

— Басты мақсат – топта бірінші орын алу ма?

— Қазір мақсатымыз осы. Ылғи ұшып кетпес үшін күресуден шаршадық. Футзалдағы құрамамыз сияқту болғымыз келеді. Олар ю керемет өнер көрсетеді.

— Алда Еуро-2024 іріктеуі бар.

— Егер біз Ұлттар лигасы тобында бірінші орын алатын болсақ, онда осы турнир арқылы Еуроның финалдық бөлігіне шығу мүмкіндігіне ие боламыз. Көреміз. Әрине, іріктеуде жақсы өнер көрсеткіміз келеді. Мұндай да мақсат бар. Өткен жылы құрама сынның астында қалды. Әсіресе Францияға қарсы матчтан кейін. Жігіттерге қиынға соқты. Қазақстандық футболды жабуға шақырды. Қазір жанкүйерлерді қуантқымыз және ойнай алатынымызды дәлелдегіміз келеді.

— «Зенитте» маусым аса оңай бастала қойған жоқ. Маусымның бірінші бөлігі қаншалықты сәтті өтті?

— Ауыз толтырып айтар сөзім жоқ. Мен аз ойнаймын. Сондықтан матчтарға әсер етпедім.

— Бірақ Суперкубок жеңіп алдың. Ресейдегі екінші трофейің.

— Неге екінші? Маусым алдындағылар саналмайды ма?

— Онда төртінші – Португалиядағы қысқы және Ресейдегі жазғы.

— Иә-иә.

— Суперкубоктан алған әсерің күшті ме?

— Әрине. «Спартакпен» әрдайым маңызды матчтар болады. Оларды жеңу «Зенитке» ерекше әсер сыйлайды.

— Жиі ойнау үшін не жетіспейді?

— Білмеймін. Мүмкін біраз уақыт, шыдамдылық, көп жұмыс істек керек. Сонда бәрі болады.

— Сенің бәсекелестерің – Ловрен және Родригао. Олармен жаттығу үлкен тәжірибе ме?

— Сөзсіз. Ловрен «Ливерпульде» ойнаған. Кейде одан онда ойнау қалай екендігін сұраймын. Қызықты әңгімелер айтады. Кейде маған бірен-саран кеңес береді.

— Геннадий Орлов бірнеше ай бұрын сен және Чистяков «Зенит» деңгейіндегі ойыншылар емес деді. Мұндайды оқу көңілге тие ме?

— Әрине. Мен жаттығуға көбірек көңі бөліп, мұндайға назар аудармауға тырысамын.

— Қазір команданы күрделі күнтізбе күтуде – екі-үш күн сайын ойындар өтеді. Бұған дайынсың ба?

— Негізінде, қалыпты жағдай. Ондай бір қиналыс жоқ.

— Жалға алу мерзімің маусым соңына дейін. Алда не істейтініңді әлден ойлап жатырсың ба?

— «Зенитпен» келісімшартым желтоқсанға дейін жарамды. Болашағым туралы әлі ештеңе білмеймін. Қазір ұлттық құрамаға барамын, содан кейін бұл туралы ойланамын. Егер «Зенитте» қала алмасам, әрі қарай өз жолыммен жүруге тура келеді. Басқа ештеңе істей алмайсыз.

— Ресейде қалғың келе ме?

— Иә. Ресей немесе басқа елдер. Әзірге Қазақстанға оралуды жоспарламаймын. Елге қайтуға әрқашан уақыт табамын. Әзірге шетелде ойнауды қалаймын. Еуропа? Әліптің артын бағайық.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+