Рунет выбирает
77
79
75
76
80

Бір алтын, бір күміс. Бокстан әлем чемпионатының финалының бірінші күнгі нәтижелері белгілі

06.11.2021
09:55
Читать полностью

Бокстан Сербия астанасы­ – Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалының алғашқы жарыс күні аяқталды. Жеті салмақ бойынша чемпиондар анықталды. Қазақстан боксшылары қатысқан екі финалдық жекпе-жекке Meta-ratings.kz тілшісі шолу жасап көрмек.

Финалдық кездесулер екі күнге жоспарланған. Бірінші күні шаршы алаңғаалдымен 48 келідегі Теміртас Жүсіпов шықты. Ақмола облысының тумасы финалда ВуттичайЮрачаймен кездесті.

Қарсыласы финалға дейін алдымен польшалық Якуб Сломинскиді, одан кейінқытайлық Хун Да Линьді жеңді. Ширек финалда жапон боксшысы Казума Аратакенің,жартылай финалда грузиялық Сахил Аллахвердовтің осал тұсын тапты.

Ал Теміртас Блеград шаршы алаңындағы бірінші кездесуінде жарыс қожайыныОмер Аметовичтен басым түсті. Сосын ширек финалда өзбекстандық Нодиржон Мирзаахмедовкееш мүмкіндік қалдырған жоқ. Жартылай финалда беларусь боксшысы ЕвгенийКармильчик те қарсылас болып жарытқан жоқ.

Вуттичай Юрачаймен финалда да сауатты жұдырықтасқан Теміртас Қазақстан құрамасының осы чемпионаттағы алғашқы алтынын қоржынға салды.

«Бұл жеңісімді барша қазақ еліне арнаймын! Жанкүйерлерге қолдауы үшін алғысым шексіз. Финалдық кездесу болған соң, психологиялық тұрғыдан қиындау болды. Оның үстіне, қарсыласым өте ыңғайсыз. Жылдамдығы да жоғары. Дегенмен, бапкерлерімнің тапсырмасын орындап, Тайланд боксшысының осал тұсын таптым. Қолдау көрсеткен барша жанкүйерлеріме алғысымды білдіремін», ­- деді Теміртас Жүсіпов.

Өкінішке қарай, 20 жастағы талантты боксшы Махмұд Сабырхан финалдақарсыласына есе жіберіп алды.

Ол бұл жолы жапониялық Томоя Ццбоймен кездесті. Қарсыласы қаша жүріп ұрыссалатын, қорғанысқа көп көңіл бөлетін боксшы екен. Финалда сауатты қимылдап,Махмұдтың өз тактикасын өзіне қолданып кетті.

Ал негізі финалға дейін қазақстандық боксшы барлық қарсыласын айқынбасымдықпен ұтқан.

Белградта 2017 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Ким Ин Куды,шотландиялық Мэттью Макхейл, бразилиялық Майкл Тринидад, Үндістаннан келгенАкаш Кумар секілді боксшыларды оңай жеңді.

Осыдан кейін Махмұд Сабырханды украиналық екі дүркін Олимпиада чемпионыВасилий Ломаченко, кубалық екі дүркін Олимпиада чемпионы Марио Кинделанменсалыстырғандар көп болған. Әлем чемпионатының үздік боксшысына берілетін ВэлБаркер кубогы да соған бұйырады деген мамандар жетерлік. Бірақ жерлесімізшешуші кезеңде тактикалық тұрғыда қателік жіберді.

«Финалда не жетпей қалғанын білмеймін. Үшінші раундта көп ұрған сияқты едім. қуып жүріп ұрдым. Маған бермеді. Мақсатым ­– жеңіске жету еді. Жеңімпаз болмағаным үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймын.Алда әлі талай әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындары бар. Сол сындарда топ жаратын боламын. Осы әлем чемпионатында Бақтияр Артаев ағамыз иеленген Вэлл Баркер кубогін аламын деп келіп едім. Жоспарым орындалмай қалды», ­- деп көзіне жас алды Махмұд финалдан кейін.

Қазіргі кезде Қазақстан құрамасында бір алтын, бір күміс, бір қола медальбар. Қола жүлдені жартылай финалда тағы бір жапон боксшысына жеңілген 67келідегі ұлттық құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов еншілеген.

Әлем чемпионатында жеңімпаз атанған боксшысы 100 мың, күміс медаль иегеріне50 мың, қола жүлдегерге 25 мың доллар көлемінде қаржылай сыйақы табысталады.

Бүгін финалда тағы екі отандасымыз шаршы алаңға шығады. ТокиоОлимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов (51 келі) АҚШ боксшыысы Роско Хиллменкездеседі. Серік Теміржановтың да (57 келі) қарсыласы – америкалық Джамал Харвей.

Бек Төлеуов

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+