Рунет выбирает
77
79
75
76
80

«Бәрін қадайтынмын». Әліп күрестен футболға қалай ауысқаны, Аршавин мен Тимощукке доп тасығаны туралы

Читать полностью

Қазақстан құрамасы мен «Зениттің» қорғаушысы Нұралы Әліп клубтың баспасөз қызметіне сұқбат беріп, күрестен футболға қалай ауысқанын, Аршавин мен Тимощуктерге доп тасығанын және санкт-петербургтік командадағы алға қойған мақсаттарымен бөлісті.

Meta-ratings.kz тілшісі назарларыңызға сұқбаттың қазақша нұсқасын ұсынады.

— Сұқбатыңыздың бірінде сегіз жасыңызда әкеңіздің еркін күрес үйірмесіне бергенін айттыңыз. Ол спортпен кәсіби түрде айналысты ма?

— Жоқ. Бұл үйірме біздің үйге жақыны болды. Мен алты ай бойы күреспен айналыстым, аулада достарымның бәрін қадайтынмын, бірақ футболды жақсы көрдім. Футбол секциясы бар екенін білгенде, бірден сонда жүгірдім.

— Футбол мансабыңыз қалай басталғанын және «Каспий» клубы туралы айтып берсеңіз.

— Менің туған жерім – Ақтау, Қазақстанның батыс бөлігіндегі, Каспий теңізінің жанындағы шағын қала. Мен жаттығып жүрген заматта клуб Бірінші лигада ойнады. 14-15 жасымда басты командаға қосылуды армандадым. Бірақ клуб Жоғары лигаға шыққан кезде мен «Қайрат» академиясына ауысып, алдыма жаңа мақсат қойдым. Басында қиын болды. Бәсекелестер мені ұнатпады, көптеген келіспешуліктер болды. Бірақ жарты жыл ішінде үйренісіп, жігіттермен достасып кеттім.

— «Қайрат» академиясы Қазақстандағы топ академия ма?

— Менің ойымша, ол Ресейдің үздік академияларымен бәсекелесе алар еді. Президент өте жақсы база салды, клуб бюджетінің 40 пайызы академияға бөлінеді. Онда көптеген балалар тұрады және айналысады. Базада тұрмай, тек жаттығуға келетіндер де бар. Онда барлық жағдай жасалған. Мектеп пәндерін де дәл сол жерде оқуға болады.

— УЕФА жасөспірімдер лигасында сіз ресейлік «Краснодар» клубының қақпасына гол соқтыңыз. Бұл матч есіңізде ме?

— Қақпада Матвей Сафоновтың тұрғаны және алаңда Магомед-Шапи Сулеймановтың ойнағаны есімде.

— Сол кезде гол соқтыңыз, қазір де гол соғудасыз. Бала кезіңізден шабуыл шебіне тартып тұра ма?

— Сіз, бәлкім, жақында «Брондбюға» қарсы өткен матчты айтып тұрған шығарсыз. Ол голға өзім де таңғалдым. Тепкен кезде доп тоғыздыққа топ ете қалады деп ойламадым. Балалық шақта барлығы әртүрлі позицияларда ойнады, сол кезде бұл маңызды емес еді.

— «Брондбю» қақпасына орталық қорғаушы үшін ерекше гол соқтыңыз — стандарттан емес, әдемі комбинациялық әрекеттердің нәтижесінде.

— Бізде Алексей Шмелевский деген бапкер болды, ол шабуылдарға қосылғанымызды жақсы көрді. Әсіресе үш қорғаушымен ойнаған кезде. Маған ұнайтын. «Брондбюмен» болған матчтың екінші таймында «Зенит» үш қорғаушымен ойнауға көшті. Бұл эпизодта мен допты Мостовойға бердім және ашыла алатынымды көріп, айып алаңына жүгірдім.

— «Қайратқа» дәл Анатолий Тимощук ойнаған маусымда келдіңіз.

— Мен оның да, Андрей Аршавиннің де ойынын көрдім. Матчтардык кезінде оларға доп беріп тұрдым. Тимощуктың «Бавария» сапында Чемпиондар лигасында өнер көрсеткен кезіндегі суреті менің телефонымда сақтаулы еді. Базада ашық есік күні болған кезде онымен өзім суретке түстім.

— Аршавинмен иық тірестіре бірге ойнап та үлгердіңіз. Сіздің дебюттік матчыңызда «Қайрат» 2:1 есебімен жеңіске жетті, ал жеңісті голдың авторы Андрей Сергеевич болды. Содан кейін онымен сөйлестіңіз бе?

— Жоқ, мазалағым келмеді, субординацияны сақтадым. Ол онсыз да ылғи адамдардың назарында еді. Бірақ содан кейін біз жаттығу жиындары кезінде бір бөлмеде тұрдық. Мен таңғалдым. Мұндай деңгейдегі ойыншылар бір бөлмеде жалғыз тұра алады, бірақ Аршавин олай істемеді. Оның көп оқитыны есімде қалыпты.

— Жақында Аршавинмен Санкт-Петербургте кездестіңіз. Не туралы сөйлестіңіздер?

— Ол маған сәттілік тілеп, кейін: «Кел суретке түсейік, қазақ аудиториясын Instagram-ға тартайық!» деді. «Қайрат» сапында ол да 28‑ші нөмірде болды. Мен «Зенитте» 28‑ші нөмірді алдым, өйткені Ақтауда 28‑ші ауданда тұрамын.

— «Зенитте» қалай қабылдады?

— Командада өте жақсы атмосфера, мен, тіпті, оның сондай болатынына таңғалдым. Жігіттер мені «мазақтауды» бастады. Түнеугүні командалық кешкі ас болды, барлығы жоғары деңгейде өтті.

— Осыған дейін Ресей футболын бақыладыңыз ба?

— Иә. «Қайрат» базасында үлкен теледидар бар, түскі немесе кешкі астан кейін, егер көрсетілімдер болса, біз әрқашан РПЛ матчтарын көретінбіз.

— Қазақстан мен Ресей чемпионаттарының басты ерекшелігі неде?

— Аршавин айтқандай, айырмашылық бір әріпте ғана – бізде ҚПЛ, сіздерде РПЛ. Шындығына келсек, Ресейде тезірек шешім қабылдайды және комбинациялық футбол ойнауға тырысады. Ал Қазақстанда күш көптеп қолданылады.

— «Зенитпен» үш жиын өткізгендіктен, тағы бір салыстыру сұранып тұр. «Қайрат» жиындарын қалай және қайда өткізеді?

— Қазақстандық клубтардың барлығы дерлік Түркияда жаттығады. Тек «Астана» ғана өзге елдерге барған ғой деймін. Түркияда көптеген командалар дайындалады, сондықтар жақсы қарсыластар табуға боладя. 2019 жылы «Зенитпен» ойнаған едік.

— Сіздің келуіңізбен «Зенитке» Қазақстаннан қанша жанкүйер қосылды деп ойлайсыз?

— Білмеймін, бірақ мен әлеуметтік желілерде көптеген хабарламалар аламын. Қазақстанда спортты, әсіресе футболды жақсы көреді. Петербургтіктер де мені қолдайды, жазады.

— «Зенитте» алдыңызға қандай мақсаттар қоясыз?

— Жалда ойнау келісімі тұрақты келісімшартқа айналып, клубта қалғым келеді. Ол үшін әлсіз тұстарыммен жұмыс жасап, күшею керек. Маған позициялық тұрғыдан сауатты әрекет ету қажет. Екі қорғаушылық схемада мен көптен бері ойнаған жоқпын, үйрену керек. Сонымен қатар өзіңе сенімділікті де арттыра түсу керек.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+