ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Астана» — «Шахтер»: Ермұхамед Мәуленнің болжамы

Футбол. Қазақстан кубогі. Топтық кезең.
Астана – Шахтер (Қарағанды).
Стадион: «Астана арена», Нұр-Сұлтан.
15.07.2022. 21:00 (Нұр-Сұлтан).

ҚР кубогі: 16 шілдедегі «Астана» — «Шахтер» матчына болжам

«Астана» Қазақстан кубогына тағы да екінші құрамды араластырып шығармақшы. Ал «Шахтердің» осы жарысты жеңгісі келетіні анық. «Кеншілер» нағыз кубоктық командаға айналған. Олай болса осы ойынға Ермұхамед Мәулен берген болжамды оқи отырайық.

«Астана» Қазақстан кубогы жарысына екінші лигада ойнайтын футболшыларын жіберді. Олар алғашқы турда сырт алаңда «Жетісумен» кездесті. Есеп сол күйі ашылмай, таблодағы көрсеткіш 0:0 болып қала берді. Негізгі құрамда өнер көрсететін Данил Бескоравайный мен Жереми Монзорро жастарға көмектесіп алаңға шықты. Бірақ, одан ештеңе өзгере қоймады. Ал енді екінші турдың ойыны да осылай аралас құрам болғалы тұр. Біздің солай ойлауымызға себептер жоқ емес. Өйткені «Астана» 21 шілде күні сырт алаңда Польшаның «Ракув» деген командасымен кездеседі. Бұл Конференция лигасының матчы. Сырттағы ойынға кілең мықтыларды сақтап қалған жөн болады. Демек, «Шахтерға» қарсы ойында алаңға Станислав Басманов, Сұлтан Сағынаев секілді жастар шығады деген сөз. Оның үстіне мынандай топтан «Астана» кем дегенде екінші орын алып шығуы тиіс.

«Астана» чемпиондыққа таласып, еурокубок ойындарын ойлап жатқан тұста «Шахтер» бар күшін кубок матчтарына салып отыр. Әр ойында жеңіске жетіп, жылдамырақ плэй-офф мәселесін шешіп тастамақшы. Кубоктың алғашқы турында «Шахтер» 4 гол салса, кейіннен шегерілген кездесуде «Ақсу» қақпасына да 4 гол салды. Ойнаған матчында тоталды жарып жатқан жайы бар. Ресейден келген екі легионері де осал емес секілді. Чемпионатта премьер-лига орнын сақтап қалып, негізгі күшті кубокқа саламыз деп отыр. Ендеше қарағандылық команда мына матчта үш ұпай алса таң қалмаңыздар. «Астанаға» гол салғанды ұнататын Роман Мұртазаевтың қазір жарқылдап тұрған жайы бар.

«Екі команда да гол салады» деген бәс бізге бірден ұнады. Оған букмекерлер 1,6 коэфицент ұсыныпты. Елордалықтар екі тур қатарынан гол салмауы мүмкін емес секілді көрінеді. Оның үстіне Игорь Щацкий жарақат алып қалды. Ал одан кейінгі бәске мен жалпы матчтың тоталы 2,5-тен көп дегенді таңдағым келіп отыр.

Калькулятор ставок
Сумма выигрыша
0
Выплата
0
Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!