ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Атырау» – «Тобыл»: Ермұхамед Мәуленнің болжамы

Футбол. ҚПЛ. 7-тур.
Атырау – Тобыл.
Стадион: «Мұнайшы», Атырау.
22.04.2022. 17:00 (Нұр-Сұлтан).

22 сәуір күнгі «Атырау» – «Тобыл» матчына болжам

Стандарт жағдайынан ғана гол салатын екі команда бір бірімен кездескелі тұр. Бұрыштама, пенальти, айып добы. Міне, осы үш жағдай орын алмаса бұлар гол салмайды. Енді мына матчта бұрыштамалар аңдып отыратын секілдіміз. Жұмбақ болып тұрған мына матчқа Ермұхамед Мәулен болжам жазыпты.

«Атырау» чемпионатта 5 гол салды. Соның бірін «Мақтаарал» қақпашысының қателігінен соң Тодор Петрович голға айналдырды. Бұл ойын жағдайынан салған «Атыраудың» санаулы голының бірі. Қалғаны бұрыштама мен пенальтиден. Стандартты жағдайларға әбден сенім артып алған бұл команда жалпы өзі солай жасақталған. Бұрыштама кезінде Матео Бисси деген бразилиялық қорғаушы өте қауіпті. Ол осы кездің өзінде 2 гол салып үлгерді. Ал қалған 2 голды Арсений Филиппович салды. «Каспиймен» 1:1 тең ойнап жатқан «Атырау» соңғы турда аяқ асты гол жіберіп 1 ұпайдан айырылып қалды. Енді осы жолы олар соңына дейін ойнауға дайын. Горовенко үшін бұл Москоленкомен де жеке дуэль. Қазақстандық бапкерлердің ішінде кім мықты деген сауалға жауап іздеп жатыр. Бірақ, оның жауабы Нүркен Мәзбаев емес пе?

«Тобыл» өткен турда опық жеді. «Қайратпен» ойнап жатқан кезде олардың есепті 3:1 қылатын 4 мүмкіндігі болды. Бірін Жақсылықов, бірін Бриджиду голға айналдырмады. Соның кесірінен 99-минутта бір стандарт белгіленіп Владислав Васильев қақпасына гол салып жіберді. Есеп 2:2. Негізі «Тобыл» бұл ойынды жеңіп тұрған еді. Бұл қателік қостанайлықтардың басына қатты тиді деп ойлаймыз. Бұл жолы олар қорғанысқа көп мән беріп, стандартты жағдайларға күш салады. Себебі, Тағыберген мен Тошич дәл осы стандарттан гол салды. Ойын мәнері бір-біріне келіңкірейтін екі қарсыластың кездесуі жанкүйерлерге аса қатты ұнамауы мүмкін.

Букмекерлік кеңселердің бағасына қарап әртүрлі ой түюге болады. «Атырау» гол салмайды деген бәс қатты ұнады. Оған 1,94 коэффициент беріп тұр екен. Сосын матчтың тоталы 2,5-тен кем (1,55 коэффициент) болады дегенге келдік. Бұл командалар ұзақ уақыт бойы бір-бірін аңдысып, стандарт күтіп жүре беруі ықтимал. Көп гол күтпейміз.

Калькулятор ставок
Сумма выигрыша
0
Выплата
0
Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!