ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Шахтер» – «Мақтаарал»: Ермұхамед Мәуленнің болжамы

Футбол. ҚПЛ. 5-тур.
Шахтер – Мақтаарал.
Стадион: «Шахтер». Қарағанды.
10.04.2022, 15:00 (Нұр-Сұлтан).

10 сәуірдегі «Шахтер» – «Мақтаарал» матчына болжам

5-турда неше түрлі қызық матч бар. Бірақ солардың ішінде фавориті анық бір кездесуді білеміз. Ол Қарағанды қаласының үкілеп отырған үміті «Шахтердің» «Мақтааралға» қарсы матчы. Алаң иелері бұл матчта қиындықтарға тап болуы мүмкін бе деген сауал туындайды. Жанкүйерлердің күмәнді пікірін Ермұхамед Мәулен сейілтеді.

«Шахтер» жалпы чемпионаттың мықты командаларының бірі. «Астанамен» тең түсіп, сырт алаңда «Ақтөбемен» ұпай бөлісті. Ал мына матчты олар өздерінің т уған стадионында өткізеді. Осыған дейін «Шахта» «Астана Аренаны» мекендеп келген еді. Жасыл алаңның сапасы жаман емес. Стадион да күрделі жөндеуден өткен. Сондықтан да, Қарағанды қаласының тұрғындарын нағыз футбол мерекесі күтіп тұр десек артық емес. Жанкүйерлер көктемгі көңіл күймен қолдау көрсетсе, «Шахтер» «Мақтааралды» жеңіп оларға мереке көрсетеді. «Сыйға сый, сыраға бал» демекші әдемі голдар мен керемет комбинациялар орын алатын матчта алаң иелері жеңіске жетеді деп ойлаймыз.

10 жыл бойы 1 лигада өнер көрсеткен Драмане Коне премьер-лигада дебют жасап, «Мақтаарал» сапында алаңға шықты. Біз бұл команданың қорғанысында үлкен проблема бар екенін айттық. Тәжірибиесі толыспаған командаға не айтамыз? Жеңіледі, тағы жеңіледі. Жалпы, жетісайлық клуб биыл премьер-лигамен қоштасатын команда деп ойлаймын. Өзінің стадионы жарамсыз, базасы да жоқ, УЕФА санатындағы бапкерлері де жоқ масыл команда кімге керек? Бұл матчта Ферапонтовтың командасында ешқандай шанс жоқ.

«Шахтердің» жеңісіне букмекерлік кеңселер келіскендей бірдей коэфицент ұсыныпты. Қарғандылықтар ойыншылар құрамы бойынша да, командалық ойыны бойынша да қарсыластан бір бас жоғары екені анық. «Шахтер» «Мақтааралды» тас-талқан жеңеді деген болжам айтқым келеді. Жалпы «Шахтердің» жеңісі деген бәсті таңдасаңыздар болатын секілді. Өздеріңіз қарарсыздар, енді.

Калькулятор ставок
Сумма выигрыша
0
Выплата
0
Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!