Бонус 100 000 ₸
Конкурс по ЛЧ на 10 млн ₸ 🔥
Блог Нуралема Байдуллы
Блог Аиды Сатыбалдиновой
Рунет выбирает
77
79
75
76
80

«Тобыл» – «Линкольн»: Ермұхамед Мәуленнің болжамы

Читать полностью

Футбол. Конференция лигасы. Іріктеу кезеңі.
Тобыл – Линкольн Ред Импс.
Стадион: «Орталық», Қостанай.
21.07.2022. 21:00 (Нұр-Сұлтан).

Біздің сайтымыздың тұрақты сарапшысы Ермұхамед Мәуленнің соңғы үш болжамы дәл келді. Шамасы танымал комментатор қазір Зоран Тошич секілді нағыз бабында жүрген сияқты. Ендеше «тепсей Асхат» деген айқайдың авторы «Тобылдың» ойынына болжам жазған екен. Оқи отырайық.

«Тобыл» – «Линкольн» матчына жоғары коэффициентер

«Тобылдың» жай-күйі

«Тобыл» Чемпиондар лигасына қатысып, бір тең ойын өткізді. Екінші матчта «Ференцварош» қазақ командасының шынайы бет-бейнесін көрсетті. Бұл теке тіресті келесі кезеңге қыпшақтар өтті. Оның ортасында «Тобыл» Қазақстан кубогының 2-тур ойынын өткізді. Өз алаңында «Ақтөбені» қабылдап 2:1 есебімен басым түсті. Сонымен бірге, осы ойында гол салған Александр Марочкиннің алаңға оралғанын айта кеткеніміз жөн. Қазақстандағы нөмірі бірінші қорғаушы «Тобылдың» қорғанысын қайтадан қолға алды. Енді жағдай реттеледі деген ойдамыз. Өз алаңындағы косы матчта «Тобыл» бар күшін көрсетіп жеңіске жетуге тырысады. Венгрияда жіберген голдардың ақысын Гибралтар елінің чемпионынан алады.

«Линкольннің» жай-күйі

«Линкольн» Чемпиондар лигасына қатысып, тура «Тобыл» секілді алғашқы айналымнан сүрінді. Енді оның орны Конференция лигасы. Құрамында испаниялық футболшылар көптеп өнер көрсететін Гибралтардың серкесі Македонияның «Шкупи» деген ұжымына тіс батыра алмады. Сырт алаңда 3 гол жіберіп, өз алаңында 2 доп соқты. Есепті теңестіру үшін небәрі 1 ұпай ғана жетпеді. Қазақстандық команданың бірнеше жыл бұрын Люксембург командасынан жеңіліп қалғанын естіген Гибралтар командасы «Тобылға» тағы бір ғибрат үйретіп кетуді көздейді.

Тіркел де, бонусқа кенел

Болжам мен бәс:

Ойыншылардың деңгейін әрі өнер көрсететін чемпионаттарындағы бәсекелестікті сарапқа салатын болсақ, фаворит «Тобыл» екені анық. Алақандай Гибралтардың командасын жеңе алмаса, онда масқара болғалы тұр. Менің ойымша алғашқы матчта «Тобыл» голды топырлатуы тиіс. «Тобыл» тоталы 1,5 көп деген бәсті алыңыздар. Оған кеңселер – 1,6 коэфицент ұсынып отыр.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+