Бонус 100 000 ₸
Конкурс по ЛЧ на 10 млн ₸ 🔥
Казахстан на ЧМ-2024
Блог Нуралема Байдуллы
Блог Аиды Сатыбалдиновой
Рунет выбирает
77
79
75
76
80

«Реал Мадрид» ПСЖ-ны жарыс жолынан шығарды, «Манчестер Сити» тең ойнап-ақ келесі кезеңге өтті

Читать полностью

9 наурыздан 10 наурызға қараған түні Манчестердегі «Этихад» стадионында Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы жауапты ойын аясында «Манчестер Сити» Лиссабонның «Спортингін» қабылдады. Матч 0:0 есебімен аяқталды.

Португалияда өткен алғашқы ойында «қалалықтар» «Спортингті» 5:0 есебімен жеңген болатын. «Сити» сапында Бернардо Силва дубль авторы атанды, Рияд Марез, Филипп Фоден және Рахим Стерлинг бір голдан соқты.

Осылайша екі кездесудің қорытындысы бойынша «Манчестер Сити» турнирдің 1/4 финалына шықты.

Ал параллель өткен матчта «Реал Мадрид» «Пари Сен-Жерменді» қабылдады. Ойын «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтіп, 3:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

39-минутта Килиан Мбаппе есеп ашқан еді. Екінші таймда Кәрім Бензема үш бірдей гол соғып, командасына жеңіс сыйлады және матчтың үздік ойыншысы деп танылды.

Қос матчтың қорытындысы бойынша мадридтік клуб 3:2 есебін тіркеп, ширек финалға жолдама алды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+