Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) америкалық Деметриус Андрадемен (31-0, 19 КО) өтуі мүмкін жекпе-жегі туралы пікін білдірді.
Андраде — Әлімханұлы жекпе-жегінің тағдыры 28 қаңтарда Пуэрто-Рикодағы WBO бас кеңсесінде өтетін промоутерлік саудада шешіледі.
«Мен твиттерде Андрадемен жекпе-жек туралы сарапшылардың, журналистер мен жанкүйерлердің пікірлерін оқимын. Маған көптеген адамдар сенеді. Рақмет сіздерге! Бұл менің айтқым келетін нәрсе. Мен оны нокаутқа түсіремін! Қазір мен басқа деңгейдемін», — деп жазды Жәнібек твиттердегі парақшасында.