Бонус 100 000 ₸
Metaratings Top Awards
Конкурс по ЛЧ на 10 млн ₸ 🔥
Казахстан на ЧМ-2024
Блог Нуралема Байдуллы
Блог Аиды Сатыбалдиновой
Рунет выбирает
77
79
75
76
80

Головкин – Мурата айқасы 200-ден астам елде көрсетіледі

Читать полностью

9 сәуір күні қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жек өткізеді. Кездесу Жапонияның Сайтама қаласында өтеді.

Айқас DAZN платформасындағы әлемнің 200-ден астам елінде тікелей көрсетіледі (Жапония, Оңтүстік Корея және Қазақстаннан басқа).

Головкин – Мурата жекпе-жегін Қазақстанның қай телеарнасы көрсететіні әзірге белгісіз.

Сондай-ақ DAZN трансляциясы Сингапур, Малайзия, Таиланд, Индонезия, Гонконг, Макао, Моңғолия және Филиппин елдерінде эксклюзивті болмайды.

Еске салайық, қазір Геннадий Головкин командасымен бірге Жапонияда жүр. Оны журналистер мен фанаттар әуежайдан ыстық ықыласпен күтіп алды.

Боксшылар орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық титулдар үшін жұдырықтасады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+