Бонус 100 000 ₸
Конкурс по ЛЧ на 10 млн ₸ 🔥
Блог Нуралема Байдуллы
Блог Аиды Сатыбалдиновой
Рунет выбирает
77
79
75
76
80

Дзюдодан Grand Slam турнирі: Қазақстандық спортшылар қос медаль жеңіп алды

Читать полностью

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Тель-Авивте (Израиль) өтіп жатқан әлемдік Grand Slam додасын сәтті бастады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінде екі медаль ұтып алды. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде отандық қос дзюдошы жеңіс тұғырына көтерілді. Атап айтқанда, Бауыржан Нарбаев жарыстың күміс жүлдесіне ие болса, Мағжан Шамшадин қоланы қанағат тұтты.

Бауыржан Нарбаев финалға дейін қарсылас шақ келтірмей, төрт кездесу өткізді. Ал жарыстың финалында украиналық Артем Лесюкпен кездесті. Екеуара кездесу өкінішке қарай, отандасымыздың қарсыласының еншісіне шешілді.

Айта кетерлігі, 66 келіде сынға түскен Ғұсман Қырғызбаев қола жүлде үшін белдесуде Украина спортшысы Богдан Ядовқа есе жіберді.

Тель-Авивте өтіп жатқан байрақты бәсеке 19 ақпанға дейін жалғасады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+