Бонус 100 000 ₸
Metaratings Top Awards
Конкурс по ЛЧ на 10 млн ₸ 🔥
Казахстан на ЧМ-2024
Блог Нуралема Байдуллы
Блог Аиды Сатыбалдиновой
Рунет выбирает
77
79
75
76
80

Бокстан Токио Олимпиадасына іріктеу турнирі өтпейтін болды

Читать полностью

Бокстан Токио Олимпиадасына іріктеу айналымының Парижде ұйымдастырылуы тиіс финалдық кезеңі өткізілмейді. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитеті хабарлады. Әлемдік ұйымның мұндай шешімді қабылдауына спортшылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау мәселесі себеп болған. ХОК коронавирусты инфекцияға қатысты әлемдегі ахуалды ескере отырып, аймақтық іріктеу турнирлерінен бөлек жолдаманы рейтинг арқылы үлестіруді жөн санады, деп жазады Olympic.kz.

2021 жылдың маусымына жоспарланған Париждегі әлемдік іріктеу турнирі өткізілмейтін болды. Финалдық іріктеу сынында ерлер 32, әйелдер 21 жолдаманы сарапқа салуы тиіс еді. Енді аталған жолдамалар олимпиадалық салмақтар бойынша төрт құрлыққа (Азия/Океания, Африка, Еуропа, Америка) тең бөлінеді.

Бокстан Қазақстан әйелдер командасының еншісінде 75 келіге дейінгі салмақта Надежда Рябец еншілеген жалғыз жолдама бар. Қазіргі сәтте бокстан қыздар командасының өзге мүшелерінде Олимпиадаға баратын мүмкіндік аз. Өйткені әлемдік рейтингте олардың шекті межеден өту мүмкіндігі төмен көрсетілген. Нақты шешім аймақтық іріктеу турнирлері түгел аяқталған соң анықталмақ. Бүгінге дейін Азия/Океания аймағы мен Африкадағы іріктеу додасы аяқталды. Ал құрлықтық бәсекелер Америкада 10-16 мамыр аралығында, ал Еуропада маусым айында өтеді деп күтілуде.

Еске сала кетейік, Қазақстан ерлер командасы Иорданияның Амман қаласында өткен аймақтық іріктеу турнирінде барлық лицензияға қол жеткізді. Токио төрінде Сәкен Бибосынов (52 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Зәкір Сафиуллин (63 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Бекзад Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі) сынды боксшыларымыз ел намысын қорғайды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+