Бонус 100 000 ₸
Конкурс по ЛЧ на 10 млн ₸ 🔥
Блог Нуралема Байдуллы
Блог Аиды Сатыбалдиновой
Рунет выбирает
77
79
75
76
80

Бейжің паралимпиадасына қатысуға қанша қаражат жұмсалды

Читать полностью

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Бейжіңдегі паралимпиада ойындарына қатысу үшін қанша қаражат жұмсалғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Паралимпиада спортшыларын Бейжіңдегі жарысқа апару үшін бюджеттен қанша қаражат шығындалды?

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиевке осындай сұрақ қойылды.

«Біздің спортшылардың Бейжіңдегі паралимпиада ойындарына қатысуы үшін 3 айлық дайындығына 119 млн теңге кеткен. 119 млн теңгенің ішінде қатысу үшін жобасы 50 млн теңгедейі жұмсалды. Оның ішінде біздің спортшыларымыз бен құрама команда арнайы киімдермен жабдықталды», - деді комитет бастығы.

Оның айтуынша, Қазақстан өз тарихында үш рет паралимпиада медаліне қол жеткізген.

«2022 жылғы 8 наурызда Александр Герлиц парабиатлоннан 10 шақырым қашықтықта үздік үштікке еніп, қола медальға қол жеткізді. Бұл - тәуелсіздік алған жылдардан бергі Қазақстан құрама командасының қысқы Паралимпиада ойындарындағы үшінші медалі», -деді Самат Ерғалиев.

Комитеттің мәліметі бойынша, Қазақстан тарихында қысқы Паралимпиада ойындарында біздің спортшылар 1 күміс және 1 алтын медаль алған.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+