Бонус 100 000 ₸
Metaratings Top Awards
Конкурс по ЛЧ на 10 млн ₸ 🔥
Казахстан на ЧМ-2024
Блог Нуралема Байдуллы
Блог Аиды Сатыбалдиновой
Рунет выбирает
77
79
75
76
80

Бейжің-2022: Шаңғышы қыздарымыз үздіктер қатарынан көріне алмады

Читать полностью

Шаңғы жарысынан әйелдер арасында скиатлон бойынша дода аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарыс нәтижесі бойынша Ксения Шалыгина 50.37.7 көрсеткішімен 48-ші орыннан көрiнді. Ангелина Шурыга 49-шы (50.55.3), Валерия Тюленова 51-ші (51.30.8), ал Надежда Степашкина 58-ші (53.35.3) орынға тұрақтады.

Айта кетерлігі, аталған санат бойынша жарыс жолына барлығы 65 спортшы шықты.

Скиатлон бойынша норвегиялық Тереза Йохауг Олимпиада алтынына ие болды. Ресейлік Наталья Непряева күміспен күптелсе, австриялық Тереза Штадболдер үздік үштікті қорытындылады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+