Семей қаласында өтіп жатқан волейболдан әйелдер клубтарының арасындағы Азия чемпионатында «Қуаныш» таиландтық командадан басым түсті.
Петропавлдық ұжым таиландтық «Diаmond Food» клубын 1:3 (25:22, 13:25, 27:29, 29:31) есебімен тізе бүктірді.
Естеріңізге сала кетсек, «Қуаныш» алғашқы ойында өскемендік «Алтайдан» 3:1 (25:18, 20:25, 25:19, 25:19) есебімен жеңілген еді.
«Қуаныш» келесі кездесуін 26 сәуір күні «Қырғызстан» командасына қарсы өткізеді.