Бонус 100 000 ₸
Конкурс по ЛЧ на 10 млн ₸ 🔥
Блог Нуралема Байдуллы
Блог Аиды Сатыбалдиновой
Рунет выбирает
77
79
75
76
80

Қазақстандық футболшының клубы жеңіліске ұшырай жаздады

Читать полностью

Құрамында қазақстандық ойыншы Георгий Жуков ойнайтын «Висла» Краков командасы Польша чемпионатының 17-турында «Шленск» командасымен кездесті.

Вроцлавта болған ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Матчтың 23 минуында Матье Скалет алаң иелерін алға шығарды. Қонақтар тарапынан Яу Йебоа 31 минутта гол соғып есепті теңестірді. Екінші таймда «Висла» есепте алға шығатын тамаша мүмкіндікке ие болғанмен, Фелисио Браун пенальтиден гол сала алмады.

Осы ойыннан кейін «Шленск» 25 ұпаймен төртінші орынға тұрақтаса, «Висла» 18 ұпаймен 12 орында тұр.

Жуков матчтың аяғына дейін ойнап 75 минутта ескерту қағазын алды. 26 жасар жартылай қорғаушы польшалық клубтың намысын 2020 жылдан бастап қорғап келеді. Оған дейін алматылық 2017-2019 жылдар аралығында «Қайратта» доп тепкен. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 15 ойын өткізген.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+